BARBERSHOP ҰСЫНАТЫН ҚЫЗМЕТ ШАШ ҚЫСҚАРТУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛЕ МЕ?!
«BarberShop» ең алғаш 18 ғасырда пайда болған ұғым. Алғаш Еуропа мен Англияда кең тараған бұл кәсіп ғасырлар салып біздің елімізге де келіп жетті. Аты бөтен болғанымен заты сол шаш қысқартудың айналасында. Тек ерекшелігі мұндағы қызметке шаш қысқартудан бөлек, сақал мен мұрт қысқарту секілді қызметтер кіреді. Сонымен бірге шашыңызды жуып, керекті шаш үлгісін жасап береді.
Шиелі кентінде осындай заманауи BarberShop ашылып, ер жігіттер мен қатар әйел кісілердің жиі баратын орнына айналған секілді. Себебі «Инь-ян» BarberShop-ы тек ерлерге ғана емес нәзік жандыларға да өз қызметін ұсынады. Ауданымыздың жас кәсіпкері Жанболат Алиев ашқан шаш қысқарту орны толықтай керекті жабдықтармен қамтылып, келушілердің көңілінен шығуда. Жас кәсіпкермен тілдесіп, кәсібінің қыр-сырына қанығып қайттық.
Шиелі кентінде осындай заманауи BarberShop ашылып, ер жігіттер мен қатар әйел кісілердің жиі баратын орнына айналған секілді. Себебі «Инь-ян» BarberShop-ы тек ерлерге ғана емес нәзік жандыларға да өз қызметін ұсынады. Ауданымыздың жас кәсіпкері Жанболат Алиев ашқан шаш қысқарту орны толықтай керекті жабдықтармен қамтылып, келушілердің көңілінен шығуда. Жас кәсіпкермен тілдесіп, кәсібінің қыр-сырына қанығып қайттық.
– Шаштаразда шаш алудан бөлек түрлі қызметтер көрсетіледі деп жатырсың. Сенің ойыңша ер адам өзіне көбірек көңіл аударғаны дұрыс па?
– Жарасымды шаш үлгісі – ер адамның визиткасы. Ер адамдар да қыздар секілді шашқа қатты мән береді. Бізге келген кез келген жанның жүзіне күлкі үйіріліп, қуанып шығуы біздің басты мақсатымыз.
– Өзің жастайыңнан кәсіп ашып, ісіңді өрге домалатып отыр екенсің. Отбасыңда өзіңнен басқа кәсіп ашып, нәсібін тауып отырған жандар бар ма?
– Әкем Рысбай жеке кәсіптерімен айналысса, анам Айгүл ауруханада жұмыс жасайды. Осы күнге жетіп отырғаным, әуелі Алла, сосын осы ата-анамның арқасы деп мақтанышпен айтамын. Қазіргі таңда «Инь-ян» BarberShop-ы тек ерлерге ғана емес қыздарға да қызмет көрсетіледі. Өйткені әйелім де осы саланы меңгерген. Тырнақ жасайды, кірпік жапсырады. Сондықтан бұл екеуміздің бірлесе жасайтын кәсібіміз.
– Кәсіп ашуыңа мемлекет тарапынан қандай да бір көмек болды ма?
– Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жергілікті әкімдіктерге қойылып отырған бірінші талап – кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орындарын ашу. Орта және шағын бизнестің дамуына қолдау ретінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, нәтижесін беруде. Яғни, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюі жұмыссыздық мәселесінің оң шешілуіне ықпал етіп келеді. Осыдан 2-3 жыл бұрын кәсіпкерлікті оқып, 252 мың алғанда, ең бірінші шаш жуатын мойка,аристон алып,ісімді бастадым.
7 адамды жұмыспен қамтып отырған Жанболат қызметкерлердің өз істерінің маманы екенін атап өтіп, алдағы уақытта әр қайсысы жеке өз кәсіптерін ашса қуанатынын жеткізді. Әр жыл сайын шаш үлгілері де өзгеріп отыруына байланысты, Алматы, Астана қалаларына барып мастер-кластардан өтіп келетін көрінеді.
Жанболат: Егер, ер адам айнаға көп қарап, өзіне көңіл аударса, онда тұрған еш айып жоқ деп ойлаймын. Ал үнемі ұқыпты, таза, әдемі болып жүргені әйеліне, достарына, айналасындағыларға, бастысы өзіне жақсы емес пе?! Сондықтан, ер жігіттердің өзіне күтім жасағаны өте дұрыс, – дей келе, Инь-Ян сөзінің мағынасына тоқтала кетті. Әдетте бұл символ бүкіл әлемдегі қарама-қайшылық болып саналады. Мысалы, жақсылық пен жамандық, әйел мен еркек, күн мен түн, аспан мен жер, бар мен жоқ, ақ пен қара т.б. Ал көне қытай мифологиясында әйел(инь) мен еркектің(янь) қатынасы мен дамуы. Ондағы қара түс-әйел, ағы-еркек.
Мектепті, колледжді қызыл дипломға бітірген Жанболат: «Кішкентайымнан сурет салуға құмар болдым. «Инь-ян» BarberShopының дизайнын өзіміз ойластырдық. Міне,сурет салу қабілетім осы жерде көмектесті»,-дейді. Әрдайым Жанболаттың жанынан табылатын жас та болса өз ісінің шебері Әсет Бейбітұлының да алға қойған мақсаттары айқын.Міне, осындай жастар өз істерін ашса деген мақсатта, орта және шағын бизнестің дамуына қолдау көрсету мақсатында Шиелі индустриалды аграрлық колледжі Шиелі жастарын «Шаштараз», «Аспаз», «Тігінші» мамандықтарын қысқа мерзімде ақылы түрде оқуға шақыра отырып, «Шаштараз» мамандығы бойынша оқимын деген жастарға «Инь-ян» BarberShopында шеберлерден тәжірибе алмаса алатынын айтқымыз келеді. Жас та болса өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған осындай білікті де, өз мамандықтарының шеберлері болған азаматтардың жастар үшін берері көп.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ