Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі алғаш жерасты қонақүйі салынды

Әлемдегі алғаш жерасты қонақүйі салынды

Қытайда әлемдегі алғаш жерасты қонақүйінің құрылысы аяқталды. 18 қабатты InterContinental Shanghai Wonderland қонақүйі 90 метр тереңдіктегі ескі карьер орнына тұрғызылған. 16 қабаты толықтай жер астында орналасса, қалған екеуі су астында екен. 336 бөлменің терезесі үңгірге қарайды. Су астындағы қабаттарда орналасқан бөлмелер арнайы аквариумдармен жабдықталған. Бұл су асты өмірін тамашалауға мүмкіндік береді. Отель территориясында бассейн, бар, спа-орталық сынды түрлі қызмет көрсетіледі және каякинг, альпинизм сынды спорт түрлерімен шұғылдану мүмкіндігі бар.  Жобаны жүзеге асыруға Мартин Йохма есімді британиялық  архитектор еңбек сіңірген. "Бұл архитектор ұлы архитектура өнерінің ең озық үлгісін көрсетіп отыр", - деді Atkins архитектура және дизайн компаниясының басшысы Бертиль де Клейнен. 

massaget.kz
19 қараша 2018 ж. 1 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930