Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордадағы «бекіре көпір» қалай салынды

Елордадағы «бекіре көпір» қалай салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Есіл өзені үстімен оң және сол жағалауларын қосатын жаяу жүргіншілер мен велесипедшілерге арналған жаңа көпірінің қалай салынғандығын бейнелейтін видео жарияланды. Ол BI Group компаниясының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Компания мәліметінше, көпірдің құрылыс жұмыстары 181 күнге созылған. Оны салуға 300 құрылысшы мен 100 көлік құралы (кран, экскаватор, бульдозер, жүк машинасы, жүк көтеретін техникалар, тіреу қағатын машина) жұмылдырылған. Есіл өзенінің уақытша бөгеу және көпір салу үшін бөгет тұрғызу үшін 30 мың текше метр тау тыныстары жеткізілген. Көпірдің ресми ашылуына төрт күн қалған кезде елорда нөсер жауынның астында қалады. Жаяу жүргіншілер мен велесипед тепкен адамдарға арналған жолақ жабындысын төсеу үшін құрылысшыларға көпір құрылымын толықтай 6 мың метрлік полиэтилен үлпекпен жабуына тура келген. Есіл өзені арнасымен судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы тұрғызылған бөгеттің астына 7 су өткізетін құбыр төселген.  Айта кетейік, елорданың 20 жылдық мерейтойына орай Атырау облысы тарту еткен нысанның жалпы ұзындығы - 313,5 метр, ені - 10,5 метр. Көпірде жаяу жүргіншілерге арналған алты метрлік жолақ, велосипедшілерге арналған үш метрлік жолақ, сондай-ақ ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты қоршауға арналған екі жолақ бар. Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескеріле отырып салынған. Оны жобалағанда желдің әсері де есепке алынған. Салмағы - 1920 тонна.  
inform.kz
13 тамыз 2018 ж. 2 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930