Тәуелсіз елдің ұрпақтары
Бұрнағы күні аудандық орталықтандырылған кітапханада «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған шараның ұйытқысы аудандық кітапхана ұжымы.
– Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет, – деді Президент Қ.Тоқаев мақаласында. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел атанғанына 30 жыл толды. 30 жылда дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздеген жас мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Сондықтан білім бәсекесінде қабілетті маман болуға талпыныңыдар – деп сайысты ашқан кітапхана басшысы Г.Жақыпова оқушыларға сәттілік тіледі.

Тәуелсіздік туралы өлең оқыған өрендердің өнеріне аудандық оқушылар үйі «Жас әдебиетші» үйірмесінің жетекшісі А.Жолдыбаева мен аудандық «Өскен өңір» газетінің бөлім меңгерушісі Г.Дүйсебай әділқазылық етті. Бас жүлде №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектептің оқушысы Д.Нұрбаевқа, І орын №244 Ы.Жақаев атындағы мектеп оқушысы М.Қуанышқызына бұйырды. Ал жүлделі ІІ орын №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектептің оқушысы Ж.Исатай, А.Қарынбай, С.Аққожаның еншісінде. ІІІ орыннан №244 Ы.Жақаев атындағы мектеп оқушысы М.Тұрат, №46 А.Пушкин атындағы мектеп лицейінің оқушысы Д.Ерболатов пен №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп лицейінің оқушысы А.Басқар, №45 Ақ Орда мектеп гимназиясының оқушысы Б.Алпысбай көрінді. Барлық қатысушылар мен жетекші мұғалімдерге арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.
Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ