Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Ендеше, есіңді алатын есірткіні серік еткенше өзіңе пайдалы спорттың әр түрімен айналысқанға не жетсін.Осынау қиын істі жою жолында,қарсы тұруда аянбай қарекет ететін полицияның еңбегі ерен екені сөзсіз.Кей ақпарат көздеріне сүйенсек, 2020-жылы Қызылорда облысы бойынша заңсыз айналымнан 350-киллограммға жуық есірткі тәркіленіпті.Осыншама есірткіні жоюда,қылмысты ашуда күні-түні еңбек еткен «Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы»,-ның қызметкерлері қоғамға орасан зор іс атқарып жатыр.Әрине ішкі істер қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ екені тайға таңба басқандай белгілі.Келешегі жоқ кемескі дерттің аяғы қор болу,өлім екенін білеміз,жүрегіміз сезеді.Біздің бақытымыз бен байлығымыз-денсаулық.Сол денсаулықтың қадірін біліп ақырын жүріп анық басқанға бақыт өзі-ақ келеді емеспе Біз,тегінен төрі көрінетін,озық ойлы,дархандығы даласындай текті ұлттың ұрпағымыз.Жанымызға жат,жолымызға кедергі болатын есімізді улайтын іспен айналыспай,қаны таза қазақтың қайсар ұлдары екенімізді біліммен ғана дәлелдесек екен. Халқымыздың қаймағын бұзбай ,есірткіні ермек етпей есімізді жинауға шақырамын,достар!Гүлдей өмірімізді түндей қараңғы етпей,уытқұмарлықтың уытын ішпей, ел ертеңін аялайтын, ойлы болып өсуге қадам жасағанымыз әлбетте дұрыс.
Таза жолдан жаңылмайық,
Жақсы істі қабылдайық.
Дені сау саламат боп
От болып жалындайық
Берікболұлы Айбек
#УПНДПКЗО
#УПНДПКЗО