Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз жорамал

2021 жылдың қаңтар айына арналған жұлдыз жорамал

Қаңтарда адамдар сабырлы қалпын сақтап, әрекеттері баяу болмақ, барлық күш-қуаты өз күн-көрісіне бағытталған. Жұмыс берушілермен дау-дамай туындауы мүмкін. Өз еңбегін бағалай бастағандар жалақысының көбеюін талап етеді. Жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда соны ескеру қажет. Сонымен қатар әлемде наразылық шаралары, шерулер көбейіп, олардың мақсаты - қоғамның әртүрлі бөлігіндегі халықтың арасында қаржылық-бюджеттік саясаттың өзгеруін талап етуі. 

Қаңтарда Марс планетасы 6 айлық қозғалысынан кейін Тоқты белгісінен (2020 жылдың 28 маусымынан 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін) Торпаққа (2021 жылдың 7 қаңтар - 4 наурыз аралығы) өтеді. Осы уақытта адамдар сапалы жасалған бұйымдарға көңіл бөліп, қолөнермен де айналыса бастауы ғажап емес. 
Қаңтарда басталған жұмыстардың қарқыны баяу жүреді, бұған қоса, қосымша қаржы талап етуі мүмкін. Дегенмен одан түсетін пайда бір күндік емес, ұзаққа созылады деп сенімділікпен айтуға болады. Осы айда тұрғындар қаражаттарын құнды заттарға бағыттап, ірі мүлік сатып алып, ұзақ мерзімді инвестиция жасайды. 

https://stan.kz/​​​
13 қаңтар 2021 ж. 364 0