Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 жылдың наурыз айына арналған жұлдыз жорамал

2019 жылдың наурыз айына арналған жұлдыз жорамал

Stan.kz барлық жұлдыз белігілеріне арналған 2019 жылдың наурыз айының жұлдыз жорамалын ұсынады.

2019 жылдың көктемінің алғашқы айы көптеген адамдарға мүлдем қайшы әсер етеді. Алдыңызда жаңа тартымды перспективалар мен болашағы зор мүмкіндіктер пайда болады. Бірақ оларды пайдалану бір қарағандай, оңай болмауы мүмкін. Егер сіз 2019 жылдың наурыз айында өмірден іздеген барлық нәрсеңізді алғыңыз келсе, бәріне еңбек арқылы жететінін ұмытпаңыз. Сондықтан өзіңіздің қиындықтарыңызбен күресуге дайын болыңыз!

Егер сіз сәтсіздіктің алдында оптимизмді қалай сақтау керектігін білсеңіз және қиындықтардан қорықпай, табысқа жетуге дайын болсаңыз – 2019 жылдың наурызы сізге көптеген жетістістерге қол жеткізуге және өміріңізді жақсартуға мүмкіндік береді.

Тоқты
Өткен ай айтарлықтай белсенді болды, бірақ енді тоқтыларға демалып, үзіліс жасауға мүмкіндік туды. Соңғы ауыр күндердің әсерін жеңілдету үшін, сіз адамдармен мейлінше еркін әңгімелесе алатын кеш ұйымдастырсаңыз болады. Өйткені, жақында болатын оқиғалар сіздің өміріңіздің жаңа кезеңін бастайды.

Торпақ
Айдың ортасында Ай мерген шоқжұлдызына енеді. Ол уақытта құқық, сот тәжірибесіне қатысты барлық мәселелер сәтті шешімін табады. Әртүрлі мекемелерге барсаңыз да сәттілік серігіңіз болады. Бұл айда бастаған ісіңіз жылдам әрі жақсы нәтижемен аяқталады деп болажанады. Егер осы айда пәтер, автокөлік секілді ірі сауда жасауды жоспарласаңыз, онда жоспарды жүзеге асыруды кейінге қалдыруыңыз керек.

Егіздер
Жағымды тосынсйларға дайын болыңыз! Жұлдыздар алда күтпеген кездесулер күтіп тұрғанын айтады. Егіздерге елдермен араласудың және жаңа таныстар кездестірудің қолайлы уақыты туды. Ал табиғат сыйлаған тіл табысқыштығының арқасында егіздер көктемнің алғашқы айын ойдағыдай көңілді өткізе алады. Жұлдызнама Меркурийдің егіздерге қолайлы екенін көрсетіп отыр, демек бұл айда сіз үлкен сомада ұтыс ұтып алуыңыз мүмкін.

Шаян
Сабырлы болыңыз! Кез-келген, тіпті болмашы сәтсіздікті жүрекке жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Өзіңізге шын мәнінде қажет дүниеге ғана парасаттылық көзқараспен қараңыз. Кейде шындықты қабылдауға кедергі келтіретін соқыр сенімді құрту қажет. Кейде жеке және қоғамдық өмір өзара шырмалып, ғажап байланыс құратын болады.

Арыстан
Егер сіз жағдайға мұқият қарасаңыз, оның соншалықты жаман емес екенін көресіз! Жұлдыздар қалаған мақсатқа жету үшін өз қағидаларыңызды құрбандыққа шалмауға кеңес береді. Сондай-ақ, электр құралдарымен сақ болыңыз. Жұлдызнамаға сәйкес, осы айда қысқа тұйықталу қаупі бар.

Бикеш
2019 жылдың наурыз айының екінші жартысында орын алатын кейбір оқиғалар бикештерді аздап уайымға салатын болады. Егер сіз біраз уақыт күтіп, бәрін тыныштықта отырып ақылға салсаңыз, алаңдауға ешқандай себеп жоқ екенін өзіңіз де түсінесіз. Ал жеке өміріңізге тоқталатын болсақ, мұнда барлығы сіздің әлеуметтік мәртебеңізге, сондай-ақ екінші жартыңызбен үйлесімді қарым-қатынас жасай алғаныңызға байланысты болады.

Таразы
Сәттілік тағы бірақ уақыт сізбен бірге болады. Ал бұл өз кезегінде сіздің көңіл-күйіңізге оң әсер етеді. Дегенмен, мойныңызға жауапты жұмыс алсаңыз, онда оны іске асыруды біраз қоя тұру керек. Қазір сізге оқиғаларды жылдамдатудың қажеті жоқ. Себебі, бірнеше аптадан кейін жағдайлар ең қолайлы түрде қалыптасатын болады.

Саршаян
2019 жылдың наурыз айында саршаяндар сергек және ынталы болады, бұл әрине күрделі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Көктемнің алғашқы айында сіздің құпиялылығыңыз арта түседі. Жақын адамдармен араласу кезінде, сізде өтірік айтуға немесе қиындықтарды еске түсіруден қашу секілді азғыру болуы мүмкін. Сондықтан, мұндай арбауға берілмеңіз, әйтпесе сіз өз қолыңызбен өзіңізді көмекшілерден айырасыз.

Мерген
Сіздің өміріңізде өте қарбалас және екіұшты кезең туады. Сіз балалар мозайкасы сияқты бөлшекпен жинау керек болатын шашыраңқы мәліметтерге кезігесіз. Алайда, 2019 жылдың наурызына арналған мергендердің жұлдызнамасы болашақтағы барлық өзгерістердің жақсылыққа жетелейтінін көрсетеді. Наурыз айында сіздің жақын болашаққа арналған жоспарларыңыз өзгеруі мүмкін, бірақ бұған бола алаңдаудың қажеті жоқ.

Тауешкі
Өзіңізге моральдық қуаныш әкелетін іс табуға тырысыңыз. Мұндада денсаулықты нығайтуға көмектесетін таза ауадағы белсенді ойындар мен жеңіл орындалатын спорт түрлерімен айналысқан қолайлы болмақ. 2019 жылдың наурыз айында тауешкілер мүмкіндік болса, маңызды мәселелерін кейінге қалдырғаны дұрыс.

Суқұйғыш
Жұлдыздар сізді жақын арада оң өзгерістер күтіп тұр деген белгі береді. Өміріңіздегі қара жолақ өтіп кетті және тағдыр сіздің мықтылығыңызды тексергенді қоятын болды. Айдың екінші жартысында қомақты қаржы түсуі мүмкін. Бір қуантарлығы, сіз ол сыйды кездейсоқ жағдайдан емес, лайықты жолмен аласыз.

Балықтар
Ғаламшар жебеушілерінің әсерінен, балықтар осы айда табандылық, батылдық пен жүректілік таныта бастайды. Бұл айда басымдылықты өзіңіздің жеке мақсаттарыңыз бен басқа адамдардың мүдделері арасында бөлетін боласыз. Наурыз айында бала күніңіздегі досыңызбен кездесу секілді жағымды тосын сый күтіп тұр. Сондай-ақ, қарама-қарсы жыныс өкілдерімен танысу және олардың назарына іліну секілді көптеген жағымды, жақсы сәттерге жолығасыз.
28 ақпан 2019 ж. 3 057 0