Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астролог болжамы. Келер жылы Сізді не күтіп тұр?

Астролог болжамы. Келер жылы Сізді не күтіп тұр?

 Қазақстандық астролог 2021 жыл өткен жылға қарағанда жеңіл болтынын айтады. 2020 жыл Юпитердің әлсіздігімен сипатталды, ал Юпитер – сәттіліктің, дамудың, тұрақтылықтық, оптимизмнің планетасы, дейді астролог, психолог Бақытжан Ақанова. Маман 2021 жылдың жұлдыз-жорамалын жасап, қазақстандықтарға кеңес айтты.
Қатігездік пен шектеулер планетасы:
2020 жыл неге ауыр жыл болды?
Осы жыл Сатурнның басымдылығымен айқындалды. Сатурн өз кезегінде қатігездік пен шектеулердің планетасы.
Бұл 2020 жылы 6 рет болған тұтылулардың санына ғана байланысты емес ( 4 Айдың және 2 Күн тұтылуы).
2021 жылы Күн 4 рет қана тұтылады (екі рет Ай тұтылады, екі рет Күн тұтылады). 2020 жыл Юпитер – дің әлсіздігімен сипатталды. Юпитер – сәттіліктің, дамудың, тұрақтылықтық, оптимизмнің планетасы. Осы жыл Сатурнның басымдылығымен айқындалды. Сатурн өз кезегінде қатігездік пен шеуктеулердің планетасы. Біз Сатурнның күшін карантин шаралары, тәртіп пен шыдамдылы сақтауға тура келген кездер, шектеулерден байқадық.
2021 жылы жұлдыз белгілерін не күтіп тұр?
Тоқтылар – жыл белсенділікке толы болады, қаражат табудың жаңа мүмкіндіктері мен мансаптағы ілгерілеу байқалады. Жақсы өзгерістерге әкелетін кезең. Ата-анамен қарым-қатынасқа мән беретін уақыт. Шығындарыңызды қадағалаңыз, оңды-солды ақша шашудан аулақ болыңыз.
Торпақ – өзін жеке тұлға ретінде мәлімдеуге құмар болады, денсаулық мәселесі бірінші кезекте тұрады. Жыл түрлі тренингтер мен оқу үшін қызықты болады.
Егіздер – жөнсіз шығындардан аулақ болыңыз. Сізде саяхаттауға, сиқырға деген қызығушылық пайда болады. Денсаулығыңызға мән беріңіз.
Шаяндар – өз жоспарларыңызды жүзеге асыратын жыл, мансапта, жеке өмірде өзгерістер болуы мүмкін.
Арыстан – мансаптағы өзгерістер, жұмыстағы жаңа мүмкіндіктер болады, ең бастысы салыңыз суға кетпесін. Көңіліңіз отбасына, анаңызбен қарым-қатынасқа бағытталады.
Бикеш – мансап үшін жаңа мүмкіндітер, іссапарлар жоспарлануда. Саяхатқа деген қызығушылық болады. Балалармен түсініспеушіліктер, жеке өмірде проблемалар болуы мүмкін.
Таразы – шығындарға мән беру керек, отбасылық келіспеушіліктер болуы мүмкін. Ақталмайтын тәуекелге барудың қажеті жоқ.
Сарышаян – қарым-қатынастан қашқақтаудың қажеті жоқ, некеге отыруыңыз мүмкін, кәсіп бойынша жаңа серіктестер пайда болуы мүмкін.
Мерген – түрлі тәжірибелердің жылы. Өзіңіз жайында жар салуға мүмкіндік пайда болады.
Тауешкі – жаңа мүмкіндіктер, жаңа жобалар жылы. Балалармен қарым-қатынаста қиындықтар болуы мүмкін.
Суқұйғыш – жаныңыз рахат алатын жұмыс іздейсіз, жылжымайтын мүлік алуыңыз мүмкін. Оқшаулануға құмартасыз.
Балықтар – шығармашылық жылы болады, жаңа бір нәрсеге, мансаптағы дамуды қалайсыз. Жалпы жыл жақсы өзгерістерге толы болады.
Сатурн мен Юпитер бірігуі 2021 жылға әсер етеді
21-23 желтоқсанда, қыста Сатурн мен Юпитер бірікті, ол 2021 жылдың басына қатты әсер етуі мүмкін:
  • карантиндік және шектеу шараларының күшеюі
  • қаржылық дағдарысқа және экономиканың әлсіреуіне
  • билік тарапынан қатаң реттеулерге ұмтылыс
  • тарихты бұрмалау және ұлттық негіздегі агрессия
  • діни фанатизмнің күшеюі мен өзгеше ойға тосқауыл қою
  • өзгенің пікірін сыйламау және өз пікірін таңуға бейімділік
  • адамдардың пессимизмге, апатияға, сенімсіздікке бейім болуы.
Қаңтар, ақпан айлары қиын болады, наурыздың аяғынан бастап коронавирусқа қатысты жағдай жеңілдейді, 2021 жылдың қарашасына дейін қысым сезіледі. Қаржы дағдарысы жалғасады және үнемдеу алдыңғы орынға шығады. Валютаның әсер етуінен өзгерістер болуы мүмкін. Адамдар экологияға мұқият бола бастайды, дұрыс тамақтануға қызығушылық пайда болады.
Қазақстан Юпитердің басқаруында болғандықтан, экономика тек 2021 жылдың соңына қарай тұрақтана бастайды және біз осы кезеңде саяси салада сенімділікті де байқаймыз. Кадрлық өзгерістер болады. Ауыл шаруашылығын, жер қойнауын пайдалануды дамытуға баса назар аударылады, негізсіз инвестициялар болуы мүмкін, мұнда «жеті рет өлшеп, тек бір рет кесіп тастау керек» позициясын сақтаған жөн.
Астролог қазақстандықтарға ұсыныстар мен кеңестерін айтты:
Үнемшіл болыңыз және жөнсіз шығындар мен инвестициялардан аулақ болыңыз
Кәсіби қызметті жүйеге келтіріңіз
Оптимист болыңыз, көңіл күйіңізді түсірмеңіз
Өміріңізді ретке келтіріп, мақсат қойып үйреніңіз
Жаңа идеяларға ашық, сынға қалмай, өзгерелдің өзгешелігін қабылдап үйреніңіз.
Отбасыға қамқор болып, балаларды шектеулер арқылы емес махаббатпен тәрбиелеңіз
Назарыңызды қоршаған ортаға емес, ішкі әлеміңізге аударыңыз.
Stan.kz
26 желтоқсан 2020 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930