Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар қандай ай?

Қаңтар қандай ай?


Қара танымаса да кешегі қазақтың кез келген адамы синоптик болатын. Аталарымыз ауа райын табиғат құбылыстарына қарап-ақ болжайтын. Қазақы пайымда айдың тосын табиғатына қарай тұрақты тіркестер де қалыптасқан. «Қаңтарда күн қарға адым, ақпанда атан адым ұзарады», «қаңтарда қатқан мұздай», «қаңтардағы жараған бурадай», «қаңтардың сақылдаған сары аязы» деген тіркестер тек осы мезгілдің табиғатына тән.
Қаңтар – көне түркі сөзі. Атының өзі айтып тұрғандай, күннің барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай «қаңтар» деп аталыпты. Қыс қаһарына мініп, аяздан ауыл арасындағы қатынас үзіліп қалатындықтан бұл айды адамдар көбіне үйде өткізген. Малдың алды төлдеп, сақманның басталар уақыты да қаңтардың сарышұнақ аязына дөп келген. Сондықтан, бұл ай шаруалар үшін бейнетті мезгіл болып саналған. Бабаларымыз табиғат құбылыстарына қарай бұлт желге қарсы көшсе, кешікпей қар жауатынын, ал, ортасынан ыдыраса күн бұзылатынын, шетінен ыдыраса ауа райы жақсаратынын болжап, соған орай шаруасын қамдаған. Егер, бұлт көкжиектен будақтала көтеріліп, іле-шала көрінбей кетсе қатты жел тұрып, соңы аяз болмақ. Ал, бұлт өркештеліп көтерілсе, оның соңы қар болады дей беріңіз.
Қолданыстағы күнтізбе бойынша қыстың екінші айы да басталды. Ал, жаңа жылдың жаңа айы қылышын сүйретіп келе ме, әлде жайлы бола ма? Бұл туралы «Қазгидромет» орталығының синоптиктері былай дейді:
– Қызылорда облысында бірінші онкүндік пен үшінші онкүндіктің ортасында және соңында кей жерлерде қар жауады. Ауаның орташа айлық температурасы қалыпты мөлшерден бір градус төмен болады. Екінші онкүндіктің ортасында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ. Бірінші онкүндіктің басында және екінші онкүндікте кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Айдың алғашқы күндерінде және ортасында, соңында батыс бағыттан соғатын жел күшейеді екен.
Психологтардың айтуынша, қаңтар айында туған адамдар шыдамды әрі жігерлі болып келеді. Тағдырдың қандай тәлкегі болса да жақындарына салмақ түсірмей, бәрін өз мойындарымен көтереді. Бұл айда дүниеге келген әйелдер бір қарағанда ұяң көрінеді. Бірақ, ол әшейін көз алдар ғана мінез, шындығында бұл айда туған қыздар ер мінезді болып келеді. Олар еркіндікті сүйеді. Қай салада болсын, биіктен көрінгенді қалайды. Мінездері отбасыларына кейде жайсыздық танытқанымен, өмірлік серігіне әрқашан, қандай жағдай болса да көмектесуге дайын. Қаңтарда туған ерлер әділ әрі жігерлі, сондықтан, оларға қиын сәттерде иек арта аласыз. Тіпті, тәуекелшіл, шешімді тез қабылдайды. Сонымен қатар, өте тәкаппар және ерік-жігері мықты, отбасына жайлы.
Тағы бір қызықты жайт, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дүние жүзі бойынша қаңтар айында некелесу сирейді екен. Мамандардың мәліметіне сүйеніп, қаңтар айына аз-кем шолу жасадық. Қалай десек те, жаңа жыл тек жақсылығымен қуанта келгей!
10 қаңтар 2019 ж. 2 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031