Баланың саулығы – ата-ана байлығы
Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру жұмысын ең алдымен ата-аналар және балалар мекемелерінің тәрбиешілері жүргізеді.
Алдын ала сақтандыру шараларын екіқабат ананы бағып – қағып, баптап, баланың құрсақтағы кезеңіндегі дамуынан бастау қажет. Бала туғаннан кейін оның құлағын әрдайым таза ұстап, есту мүшелерінің ісіп қызару барысын сақтандыру керек, күнделікті жұмыстың әр түрлі келеңсіз жайттарынан зақымдануын болдырмау үшін барлық сақтандыру шараларын жасай отырып, денсаулығын мұқият қадағалау қажет. Кішкентай баланың суықтан қорғап, үнемі жылы ұстаған жан. Өйткені жиі суықтан ауруының салдарынан сөйлеу тілі аппаратының әр түрлі патологиясының байқалуы мүмкін.

Есту қабілетіне кенеттен шыққан қатты дауыс, айқай, топтың шуылы өте зиян екенін есте сақтаған дұрыс. Сондықтан баланы денесін түршіктіретін күшті дауыстан қорғайтын жағдай жасау керек. Оған қатты айқайлап сөйлеуге болмайды, оны әр түрлі жағымсыз, қорқынышты дыбыстан мұқият сақтау ережесін әрдайым ұқыпты түрде орындау қажет. Есту қабілетін бұзылудан сақтандыру мақсатымен врач-отоларинголог баланы оқтын-оқтын тексеруден өткізіп отыру керек. Бұл есту қабілетінің бұзылуына себеп болуы мүмкін болмашы патологиялық өзгерістерді уақытында жоюға жәрдем береді.
Егер баланың есту мүшелерінде іштен туа біткен немесе кейіннен шыққан зақым бар болса, онда бұған дәрігердің міндетті түрде араласуы қажет. Өйткені ол есту қабілетінің бұзылуы қандай сипатта болатынын және сөйлеу тілі қызметінің қалыптасуына қандай ықпал жасайтынын анықтап, емдеуді басынан дұрыс бағыттап жүргізеді.
Ұлман Оразмаханова,
Шиелі ПМПК мекемесінің
сурдопедагогы
Шиелі ПМПК мекемесінің
сурдопедагогы