Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала неге үй тірлігін істегісі келмейді ?

Бала неге үй тірлігін істегісі келмейді ?


Үйдегі балалар кейде үй тірлігін істегісі келмей, ата-анасына, аға-әпкелеріне сөз қайтарып жатады. Баланы еріншек деп айта алмайсың, өйткені, озат оқитын балалар да үйде ештеңе істемей ойын ойнап, теледидар көріп, жатқысы келеді.  Біз көбіне баланы бұйрық беру арқылы жұмсаймыз. "Қатты сөйлемесең, бала тыңдамайды" деп ойлайтын ата-ананың қарасы көп. "Ыдысты жу!", "Үйді жина!", "Қоқысты төк!", т.б. деп кете беретін шексіз бұйрық баланы да, сізді де қатты шаршатады. Күндердің-күнінде бала бәріне қол сілтеп: "Мен ешкімге ештеңе міндетті емеспін, өз киімімді жинаймын, болды, әркім өзінің киімін жинап алсын" деуі мүмкін. Екіншіден, бала үй жұмысын селқос, жүрдім-бардым жасап, мәселені ушықтырып жіберуі де ғажап емес.  Жағдайды оған жеткізбеу үшін баланы сәби кезінен тәрбиелеу керек. Ол үшін алдымен ата-ана өздерін баланың алдында тәртіпті, тәрбиелі ұстауы қажет. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Ата-ана үйге келгенде баласының көзінше жалқауланып жата кетсе, бір-бірімен айғайласып сөйлессе, ұрсысса, ондай отбасыдан тәртіпті баланың шыға қоюы екіталай. Сондықтан балам жақсы болсын десеңіз, алдымен өзіңізді, сосын сөзіңізді түзеңіз. Бала – сіздің айнаңыз. Баладан не көрсеңіз, ол – сіздің тәрбиеңіздің жемісі. Егер бала өзін сүйікті сезінсе, үй тірлігін бұлданбай-ақ махаббатпен істей бастайды. Үй тірлігін істеу арқылы өзін отбасына қамқоршы ретінде сезінетін болады. Ешқашан баланың көзінше "осы үйдің жұмысы бітпейді" деп айтуға болмайды. Ата-ана не істесе, бала да соны істейді. Бір жастағы есін білмейтін баланың үлкендер не істесе, соны қайталайтынын байқаған боларсыз? Баланы дұрыс жұмсау үшін сәбиіңіз ес біле бастаған шақта мынадай ойын ұйымдастырыңыз. Бір қағазға үлкен ағаштың суретін салып, түрлі-түсті қағаз қиындыларына балаңыз бүгін қандай үй тірлігін істеді, соны жазасыз. Мысалы, бала бүгін "ыдыс жууға көмектесті", "үй жинасты", "есік алдын сыпырғанда қалақты ұстап тұрды", т.б. деп жазып, бір-бірлеп балаңызбен бірге ағашқа жабыстырыңыз. Қағаз неғұрлым көп болса, соғұрлым балаңызды мақтаңыз. Бірте-бірте бала өзі әдеттеніп, әке-шешесі жұмыстан келгенде, ағашты көрсететін болады. 

Дереккөз: massaget.kz
08 қараша 2018 ж. 977 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930