Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытым балапаным

Бақытым балапаным

Бала бақытының гүлі анасының жүрегінде.
Б.Н. Қанапияева
Бала – бақыт, шаттық, бала – бауыр етің, іштен шыққан жаның мен жүрегіңнің бір бөлшегі. Өйткені бала – өмірдің сәні, Құдай тағаланың берген сыйы, аманаты. Ата-ана жылуын шашқан күн секілді сәулесімен баланың ішкі жан дүниесін баурай алғанда ғана оны жіті тани алады.
Сонда ғана баланың әлсіз тұстары дәл анықталып, соған сай жұмыс жасайды. Ал бала дегеніміз – тылсым дүние.Осы тылсым дүниенің сырына қаныға түссек, оған үйретілетін нәрселерді дұрыс кезекке қою да жеңілдеу соғады. Егер баланы өз қабылдау деңгейіне үйретсек, кішкентай кезінен дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады. Ал егер, керісінше, ой-пікірмен санаспай, үйреткіміз келген жайттарды жөн-жосықсыз тықпаласақ, онда баламыздың болашағына балта шапқан боламыз. Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани білу қажет. Корей халқы бала ішке біткен күннен бастап тәрбиелеген. Кейде аналар осы «Балам бұзық, мені тыңдамайды» дегеннен бұрын, баласын ішке біткен күннен бастап тәрбиелеу керектігін ойласа...
Балапаныңыздың бақытты жүзін көргіңіз келсе, психологтың кеңесіне құлақ түріңіз:
  • Нені қалайтынына мән беріңіз.
  • Жыласа алдаусыратып, ұялы телефон бермеңіз.
  • Көңілінен шығу үшін алдамшы ананың рөлін сомдамаңыз.
  • Жан жылуына зәру бала жүрегін мейіріммен толтырыңыз.
  • Әсем әуен тыңдатуды үйретіңіз.
  • Жылауға әрекет жасаса. жанына медеу болатындай әсерлі өлең айтсаңыз да болады.
  • Әрдайым күлімдеуге жағдай жасаңыз.
  • Әкесімен бірге саябаққа барып, көңіл көтеріңіздер.
  • Санасына жақсы сөздерді сіңіре біліңіз.
  • Адамдардан балапаныңыз туралы жақсы пікір естігіңіз келсе, сіз де олар туралы жақсы пікірды болыңыз.
  • Таңертең оянғанда жақсы көретін тілегіңізді айтыңыз.
  • Баланың бақыты сіздердің қолдарыңызда!
anabol.kz
14 тамыз 2018 ж. 2 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930