Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Бала тіліндегі кекештік

Бала тіліндегі кекештік

Сөйлеу қалпының бұзылуы, жеке дыбыстар мен сөз буындарын айтқанда немесе оларды қайталағанда еріксіз мүдіруді кекештік деп атайды. Кекештік көбіне мектеп жасына дейінгі ер балаларда жиі кездеседі. Кекештік қайдан пайда болады? Енді тілі шығып, дүниені танып келе жатқан бала үшін мүдіріп сөйлеу қалыпты жағдай болғанмен, кекештенудің алдын алу керек. Кекеш болуға кейде балаға араласып жүрген тілі мүкіс адамдарға еліктеп сөйлеуі де әсер етеді. Сондай-ақ баланы тәрбиелеуші адам тілінің мүкістігі мен басқадай кемшіліктері де кекештіктің ұлғаюына әсер етеді. Одан өзге баланың туған-туысқандары мен араласатын орта адамдарының жылдам сөйлеуі, қалыптан тыс көп оқыту, т.б. кекештіктің пайда болуына себеп болады. Тілі кешігіп шыққан балаларда да кекештік кездеседі. Ол көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда және оқушыларда жиі көрініс береді. Кейде кекештік сырқаттанып тұрғаннан кейін (тұмау, көкжөтел, қызылша), сондай-ақ, қатты шошынудан, отбасыдағы айқай-шудан да пайда болуы мүмкін. Кекештеніп сөйлейтін бала өсе келе қорғаншақ, ұялшақ, тұнжырыңқы болады. Оның тіліндегі кемшілікке еркінен тыс қолын ербеңдетіп әрекет жасауы, бет-әлпетінің, денесінің оғаш қимылы қосылады. Кекештеніп сөйлейтін адам тұтыққанда пайда болатын мүдіріс кезінде әлдебір сөзді қосып жіберу арқылы кемістігін байқатпай біршама жатық сөйлеуге дағдыланады. Алайда өз бетімен бұлай жасаудың қажеті жоқ. Өйткені қосымша буын немесе сөз қосып сөйлеу әдетке айналып кетеді. Тұтықпа кекештікті емдеуді ерте бастау керек. Баланың тілінде мүкістік барын байқаған бойда дәрігер-логопедке көрінген абзал. Ең алдымен сәбиге отбасында, ортасында (балабақша) қолайлы жағдай жасап, баланың назарын кекештікке аудармау қажет. Кейде бала басқа ортаға ауысқанда кекештеніп сөйлеуі жазылып та кетеді. Кекештікті жазуға барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, баланың кекештіктен өзі де жазыла алатындығына сенімін арттырып, оны соған ұмтылуға тәрбиелеу керек. Сонымен қатар сәбиді сөздің қарқынын бұзбай, демін ішке тартып сөйлеуге үйреткен жөн. Баламен түрлі тақырыптарда жиі сөйлесіп, пікір алысудың маңызы зор. Әңгіме барысында баланың кекештеніп сөйлейтін сөздерін көбірек қолданатындай етіп сұрақ қойып отырған дұрыс. Кекештікті емдеуді ерте бастаса және оны жүйелі түрде жүргізсе, жазылып кетеді немесе едәуір дұрыс сөйлейтін болады.

Massaget.kz
30 шілде 2018 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (8724)

20 қыркүйек 2019 ж.

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам