Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы «Әліппе» кирилл қарпінде шығады

Келесі жылы «Әліппе» кирилл қарпінде шығады

Келесі жылы «Әліппе» кирилл қарпінде шығады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылы оқу бағдарламасына енетін «Әліппенің» қандай қаріпте жарық көретінін айтып берді.

«Біздің алдымызда тұрған мақсат – осы «Әліппемізді» ертерек оқу бағдарламасына кіргізу. Латын әліпбиі бойынша тиісті шешім қабылданды, бұл шешім бойынша латын әліпбиіне көшу жұмыстары кезең-кезеңімен өтетін болады. Ал бізге келесі жылдан бастап, «Әліппемен» оқи бастау керек. Сондықтан, келесі жылы қабылданып, енгізілетін «Әліппе» кирилл қарпінде болады. Одан кейін мектептерде кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшу жұмысы басталғанда, әрине «Әліппені» де латын қарпіне көшіреміз. Бұл жалпы қиын шаруа емес. Ең бастысы – бағдарлама және оқулықтардың мазмұны. Бұл мәселелер қазіргі уақытта шешіліп қойған», - деп жауап берді Білім министрі тілші сұрағына. Айта кетейік, биыл тамыз айында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілетінін айтқан еді. «Әліппені» енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат
https://www.ktk.kz/kz/newsfeed/article/2020/12/24/167691/
28 желтоқсан 2020 ж. 743 0