Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жомарт күз

Жомарт күз

Күз – молшылық пен береке айы. Ала жаздай төгілген тердің өтемі де осы айда еселеніп қайтады. «Нұр-бөбек» бөбекжай бақшасында «Жомарт күз» атты мерекелік іс-шара өтті. Ондағы мақсат – бүлдіршіндерге күз айының кереметін түсіндіру.
Қазақ халқы үшін бала тәрбиесі үлкен маңызға ие. Сондықтан балабақшадағы әрбір бүлдіршіннің болашағына бей-жай қарау мүмкін емес. Оларға кішкентай ғана дүниенің өзін кереметтей жеткізе білу тәрбиешілердің басты міндеті. Сондықтан күз айы несімен ерекше, оның сары алтындай күйге енуі қандай құбылыс деген сынды сан мың сауалдың жауабын балалармен бірге іздейміз. Бүгінде «Нұр-бөбек» бөбекжай бақшасында «Балапан», «Айгөлек», «Күншуақ», «Ботақан» сынды топтар бар. Онда балаларға би билеп, ән айту, мақал-мәтел айтқызу секілді үрдістер жүреді. Бұл балалардың талантын ұштау, қабілетін ашу десек, балабақша бар білімнің бастауы саналады. Балаларды сан түрлі кейіпкерге айналдыру арқылы олардың таным көкжиегін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған шараға барлық тәрбиеленуші белсенді атсалысты.

Айгүл АСАНОВА,
«Нұр-бөбек» бөбекжай
бақша әдіскері
10 қараша 2020 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30