Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас ұланда – ұлы мерекеге үн қосты

Жас ұланда – ұлы мерекеге үн қосты



Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бізге жүктелген басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар, елін жерін қастерлейтін азаматтар – бүгінгі жас жеткіншек.
Жақында Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан «Жадыра» бөбекжай- бақшасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіс жасасын» атты шара өтті. Ұлы мерекеге орайластырылған кешті балабақша меңгерушісі Ж.Нұртаева құттықтау сөзімен ашты. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ат салысқан тәрбиешілер С.Жақсылықова мен Ж.Ахметова бүлдіршіндерді түрлі қырынан аша білді. Балалардың бойында патриоттық сезімнің бары соншалықты, көріністе рөлдері бойынша өз шеберліктерін танытты. Олардың Отан туралы өлең-шумақтары мен билері көпшіліктің көңілін сейілтіп, ерекше әсер сыйлады. Әдіскер Э.Сыздықова және би жетекшісі Н.Сағиттың жетекшілігімен патриоттық әуенді хорды би қимылдарымен бірлесе орындап шықты. Ал, Г.Қапбарова,А.Жалпақова, З.Ибайдуллаева, П.Арыстанбекова,А.Арыстанбекова, А.Амангелдиева сынды педагог-тәрбиешілер балалармен қосылып, жанды дауыста ән шырқады. Өз кезегінде кішкентайларының өнерлі болып тәрбиеленуіне еңбек етіп жатқан ұжымға ата-аналар тарапы алғыстарын жаудырып, жүрек жарды тілектерін білдірді.

«Өскен өңір» ақпарат.
09 мамыр 2019 ж. 871 0