Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат

Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат



Ұлы Жеңіс күніне орай «Айсұлу-Ұ» жеке балабақшасында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты мерекелік шара өтті. Кішкентай бүлдіршіндерді адамгершілікке, Отанын сүйіп, жерін қорғауға баулитын рухани маңызы зор шараны «Айсұлу-Ұ» балабақшасының меңгерушісі А.Есенова, әдіскері С.Әйтенова және тәрбиешілер ұйымдастырды.
Қан майданда ерлікпен көз жұмған батыр бабалар рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алған қонақтар балабақша тәрбиеленушілеріне жеңістің оңайлықпен келмегенін жеткізді. Одан әрі бейбіт күннің астында азат ел болып өмір сүріп жатқан ұрпақтарының жылы лебізі, жүрекжарды жырлары мерекелік кешті жандандыра түсті. Ұмытылмас ерлікті қанша айтса да жарасымды. Себебі, Ұлы Жеңістің байрағы көк аспанымызда желбірегеніне биыл міне 73 жыл болды. Ата-бабаларымыздың қасық қанымен келген азаттықтың ақ таңын бесіктегі баладан еңкейген кәріге дейін біліп өсуі тиіс.

Г.ДҮЙСЕБАЙ.
16 мамыр 2018 ж. 1 686 0