Ортақшылға оңды емхана керек
Ортақшылдықтардың саулығын ойлаған Ортақшыл дәрігерлері аянбай еңбек етіп, маңдай терін төгіп, елге келген қатерлі індет пандемиямен күресті. Бұл күндері барша ақ халаттылар мен халықтың көкейінде қиындық артта қалып, қырсық індет осы жылмен бірге шықсын деген тілек жатыр.
Дәрі-дәрмекті дер кезінде пайдалану, науқасты уақытында ауруханаға жеткізу, алғашқы көмек көрсету дәрігерлердің басты міндеті. Міндетін тиянақты атқарумен қатар күнделікті тыныс-тіршілігі елдің саулығынан бастау алатын дәрігерлердің жұмысы қашанда қауырт. Үнемі ізденіп, теорияны практикамен жалғастыратын, денсаулық қорғаушыларының бірі – Нұршат Амантауова. Ол Ортақшыл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жалпы тәжірибелі аға дәрігері. Сондай-ақ, жалпы тәжірибелі медбике – Кенжайым Саулахова, Нәзгүл Бақтыбаева, Несібелі Әбсадық ауыл халқына адал қызмет етуге бекінгендер. Нағима Асанова мен химизатор Ақтолқын Қалабаева, әлеуметтік қызметкер Ақерке Иманаева, күндізгі және ине шаншу бөлім медбикесі Гүлзат Қадырбек те алғысқа бөленіп жүрген ақ халаттылар. Жедел жәрдем жүргізушісі Әділ Дүйсебеков пен «2020-жол картасы» бағдарламасы бойынша жолдамамен келген фельдшер Аңсаған Зұлхарнаева және қоғамдық негізде жұмыс жасап жатқан Айзат Нұрбаева, Нұрлан Мұстановтар жедел қызмет көрсетуге даяр тұрады. Ортақшыл дәрігерлік амбулаториясы Жансейіт пен Қызылқайың ауылына да қарайды. Аталған екі ауылда фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Жансейіт ауылының фельдшері – Салтанат Әшірханова болса, ал Қызылқайың ауылындағы фельдшер қызметін Аян Қойшыбай атқарады.

«Ауылдық амбулаторияда 30 жыл табанды еңбек еткен К.Саулахованың еңбегі орасан зор. Оның мол тәжірибесі, науқастармен тез тіл табысуы ерекше. Осындай білікті мамандардан тәжірибе алмасып, бірлесіп халыққа қызмет көрсетіп келеміз» деді дәрігер. Баламен балаша, қартпен салмақты сөйлесу, әр диагнозды түсіндіру оңай шаруа емес екенінде Нұршат дәрігер осылайша еске салды. Дәрігерлік амбулаторияда 3 төсектік күндізгі стационар бар. Ауыл тұрғындарының алғысын, қазыналы қарттардың батасын алып жүрген дәрігердің үлкен тілек-өтініші де бар. Ортақшыл дәрігерлік амбулаториясының ғимараты ескі. Ақ халаттылардың заманауи техникалармен жабдықталған жаңа ғимарат бой көтеріп, халық игілігіне берілсе қуантарлық іс болар еді деген тілектерін де жеткізуді жөн санадық.
Ақбота Баянбай