Өнерлі жігіт өрге озар
Алаштың ардақтысы Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір халықтың әні кетсе, әдебиеті жесір қалады. Сәні кетеді, сәні кетсе, жаны кетеді. ...әнді сақтаудың қамын қылыңдар» дегені астарлы сөзі бар. Шиелі – ежелден ән мен жырдың өлкесі саналады. Бұған бір Нартайды айғақ етсек те жеткілікті. Одан бері де қаншама күміс көмей, жезтаңдай әншілер мен күйшілер де ауданның атын әлемге асқақтатып, қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп келеді.
Қазақтың мың әнін жинақтап, нотаға түсірген А.Затаевич өзінің төрт жылдық еңбегінде «Менің алдымнан күтпеген жерден ашылған ғажайып қазынаның жанынан елемей өтіп кету мүмкін бе еді? Мәдениет әлеміне олар әлі күнге дейін мүлде беймәлім еді, сонымен қатар бұл мәдениет иелеріне қырылып бітудің апаты қолын соза бастаған кез еді! Сондықтан әлі де болса бүлінбей бүтін тұрғанда, жазып алуды жылдамдату керек болған еді!» деп жазған екен. Расында, ән – адам жанын әлдилейтін тылсым күш. Оның ішінде кең тынысты қазақ әндерінің орны бөлек. «Арман» мәдениет үйінің әдіскері Елдос Сейілов те дәстүрлі ән айтудың шебері. Өзіне ғана тән қоңыр үнімен тыңдарманның жүрегіне жол таба білетін жігітке әншілік өнер анасының ақ сүтімен берілген. Анасы Гүлнаш Әбдіразақова – аудандық балалар әуез мектебінде вокал пәнінің мұғалімі. Өмірлік жары Меруерт Дүйсебай да – әнші.

Әңгімемізге арқау болып отырған әнші жігіт Е.Сейілов 1991 жылы дүниеге келген. Бала күнінен ән салғанды ұнататын. Мектепте өтетін түрлі шараларда халық әндерін орындап, мұғалімдерінің ыстық ықыласына бөленіп жүретін. Мектепте жүріп әуез мектебін баян аспабы бойынша аяқтайды. Алайда ата-анасы ер балаға әншіліктен гөрі салмақтырақ мамандық алу керек деп тұжырым жасаған еді. Сол себепті Елдос Шиелі кәсіптік лицейін «Өндіріс электр жабдықтарын күту және жөндеу электромонтері» мамандығы бойынша бітіреді. Әйтсе де жаны қаламаған жұмысты істегісі келмеген ол, ақыры Маңғыстау өнер колледжінде «Академиялық ән салу әртісі, ансамбль солисі» мамандығына түседі. Кейіннен халықаралық гуманитарлық-техникалық университетте «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білімін жетілдірген Елдос Ақтау қаласындағы Абыл Тарақұлы өнер мектебінде алғаш еңбек жолын бастайды. Одан бөлек Маңғыстау өнер колледжінде вокал пәнінен ұстаздық ете жүріп, «Жеті саз» вокалдық тобына мүшелік етеді.
Бірнеше жыл талантын шыңдаған жас әнші ауылға келіп, 2019 жылы «Арман» мәдениет үйіне музыкалық жетекші қызметіне қабылданады. Бүгінде аталған өнер ордасында әдіскер болып қызмет ететін Елдос Маратұлы – бірнеше байқаудың жеңімпазы, аудан сахнасында талай рет ән шырқап жүрген өнер иесі. Оған халықтың да қошеметі бөлек. Расында, ол әрбір ән салған сәтінде өзі де беймәлім ерекше бір күй кешеді. Халық әндерінен бөлек өзге тілдерде де нақышына келтіре ән шырқайтын Елдос фортепианода ойнаудың шебері.
«Сыр елі – жыр елі» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Өйткені ән-жыр өнерінің барлық жанры бізге таңсық емес. Қаншама өнерлі азаматтар әлемдік сахналарда танылып қана қоймай, таңғалдырып та жүр. Бұл тұрғыда Елдос Сейілов сынды талантты жігіттердің болашағына зор сенім артуға болады.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ