ТІЛ МЕРЕЙІ ҚАЛАМ ҰШЫНДА
Қазақ тілі – сан ғасырлық тарихы бар, ішкі заңдылықтары тұрақталған, жүйеленген, сөздік қоры мол, кемелденген өміршең тіл. Иә, ана тіліміздің тарихында тоқырау кезеңдер болғаны рас. Бірақ Тәуелсіздік алғалы бері өз тұғырына қайта көтеріліп, тіпті жаңаша жаңғырып келеді. Бұл – әдеби және мәдени мұраларды насихаттаудың, қазақ тілін ғылыми тұрғыдан терең зерттеудің, мемлекеттік қолдаудың, ең бастысы – ана тілін құрметтеген халықтың арқасы.
Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс. Ана тілін құрметтеуге, қадірлеп, қасиетін сезінуге адамды бала кезден баулыған жөн. Бұл тұрғыда еліміз егемендік алып, етек-жеңімізді жиғалы біраз шаруалар атқарылып, мемлекеттік тілді насихаттау жұмысы жүйеленіп келеді. Соның бір дәлелі – әр буын өкілдері арасында қазақ тілін құрметтеуге бағытталған түрлі байқаулар. Мұндай шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жыл бойы ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Жуырда ғана аталған бөлімнің қолдауымен Б.Қабылұлы атындағы мәдени-шығармашылық орталығы оқушылар арасында «Тілім менің ғасырларға аманат» тақырыбында шығарма байқауын ұйымдастырды. Сайыс барысында туған тілін шама-шарқынша тебірене толғаған 20-ға жуық қатысушының шығармасы қабылданып,қабілет-қарымы сараланды. Нәтижесінде өзгелерден оқ бойы озық тұрған №46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Т.Мұхамбетқалиқызы ІІІ орынды иеленсе, ІІ орын Бестам ауылынан қатысқан А.Тәліпханға, І орын қарғалылық Н.Зұлхарға бұйырды. Ал Досбол би ауылының тұрғыны А.Мадиярқызының шығармасы ең үздік деп танылып, бас жүлдені иеленді. Байқауға қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Г.СӘБИТҚЫЗЫ