Абайдың сөзі – ақылдың көзі

Н.Назарбаев Абайды ескі мен жаңа қоғамды байланыстырып тұрған алтын көпірге теңеп, өзі де Абай мұрасынан мол тәлім алып келе жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ өзінің Абайды тануы қай кезден басталғанына жауап берді. Елбасы бұл орайда Абай әлеміне аяқ басқан кезін сонау бесікте жатқан уақытпен байланыстырады. «Ұлы ақынның сөздері бесік тербеген әлдимен бірге құлаққа сіңді десем, асыра айтқандық бола қоймас. Рас, өлең сөзге жүйрік, ел әдебиетіне қанық әжем Мырзабала мен анам Әлжан кішкентай күнімде тіні үзілмеген дәстүрлі тәрбие аясында халқымыздың ертегі, аңыз, қиссаларын жадыма сіңірді. Бұл Абай әлеміне апаратын жолдың бастауы болатын» дейді өз мақаласында Тұңғыш Президент.
Иә, Абайды оқу, оны көңілге тоқу оңай емес. Алайда адамда ынта мен ықылас болса хәкім шығармаларын санаға сіңіру қиынға соқпайды. Міне, Елбасы да осы мәселеге баса назар аударған. Сондай-ақ мақала қазақ елін бірлікке, татулыққа шақырып, Абай атамыздың әр сөзін, әр өсиетін санаға сіңіріп, соған қарай амал жасауымызға үндейді.
Ақылай Дүкенбаева,
№148 қазақ орта мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
№148 қазақ орта мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары