Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайды оқы, ерінбе

Абайды оқы, ерінбе


Аталған байқауға Шиелі ауданынан №244 Ы.Жақаев атындағы қазақ орта мектебінің 2 сынып оқушысы Шырақ Ералиева қатысты. Бала кезінен өлең-жырға құмар Шырақты жетекшісі Рахима Фазылова дайындаған. Олар Абайдың өлеңін жатқа оқуда сөзіне ғана емес, әр сөздің астарына үңіліп, мән-мағынасына да зер салған. Осының нәтижесінде Шырақ Ералиева үзеңгілестерінен үздік шығып, І орынды және алтын медалді иеленді.
Жүзден астам қатысушыдан озық шыққан ол өзінің білімге құштар, еңбексүйгіш екенін тағы бір дәлелдеді. Бұлай деуімізге Шырақтың қандай жарыс болса да бас бәйгені бермей, жеңіс тұғырынан көрініп жүргені себеп. Әрине, шамшырақтай жанып, жүлделі орынды иеленіп жүрген жас буынның жетістікке жетуіне сынып жетекшісі Ақжайық Жүнісбекованың да үлесі зор. Мектеп ұстаздары «Бұлақ көрсең көзің аш» дегендей Шырақтың талантын танып, қанатын қомдап, биікке самғауына мүмкіндік сыйлауда. Алдағы уақытта Шырақ та ұстаздары мен халқының үмітін ақтап, сенім үдесінен шығатынына күмән келтірмейміз.

Маржан БОЛАТҚЫЗЫ
03 наурыз 2020 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (9296)

22 сәуір 2025 ж.

№28 (9295)

21 сәуір 2025 ж.

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930