Ең бірінші бақытым – халқым менің
«Nur Otan» партиясы ішіндегі сайлауалды праймериз көптеген жастарға жарқын жол ашты. Мүмкін емес мүмкіндіктер сыйлады. Олар Тәуелсіз еліміздің болашағына тұтқа боларлық мінез-құлықтарымен халық алдына шығып, өздерін жақсы жақтарымен көрсетіп жатыр. Көңіл көншітерлік. Нұротандықтардың бұл бастамасы – демократиялық үрдістердің нышанындай, еліміздің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын сақтайтын күшке айналғандай. Құдай ру-руға, туыс-туғанға бөлгізбей, кім мықты, кім күшті, кім білімді, кім қарсыласына біліктілігімен үстемдік жасайды, солар ғана жеңіске жетеді, сондайлар халық қалаулысы атанады. Сайлауға қатысуға үмітін үкілеген үміткерлер шоғыры да қалың. Осы праймериз додасына қатысушылар арасынан Қызылорда облыстық мәслихатының IV, V, VI шақырылымдарының депутаты (әлі депутат), Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, кәсіпкер Шаутай Тілеуберген Құдайбергенұлын да тізімнен көріп қалып, балаша қуанғанымыз рас.
«Алмас қылыш қап түбінде жатпайды» демекші, біз де депутаттық мол тәжірибесі бар, ел ішінде атымтай жомарт, қайырымдылық «королі», жаны жайсаң қарапайым, барынша сабырлы, уәдесіне берік, өзінің барлық адами қасиеттерімен жұртшылыққа танымал болған Тілеуберген Шаутайдың болғанын қалаған едік. Ел ағасы атанған шағында тағы бір белесті бағындырса, несі айып? Парламент Мәжілісі депутаттылығынан үміткер қатарында болу – оған лайық, жарасымды. Т.Шаутай қайырымдылықты, имандылықты өмірінің, жүрегінің қалауы, барымды халқыммен бөліспегенде оны не істеймін дейтін, дара ұғынатын нұротандық сиректің сирегі. Болмысы да ерекше қалыптасқан. Жүрегі де үлкен, мейірімге толы. Сырдың сырбаз азаматы киелі мекен Шиелі өңірінен Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер болып тіркелді. «Үйде шай ішіп отыра бергенше, айтатын нәрселерімді Мәжіліс мінберінен айтайын, халықтың ойын қоштар ізгілікті заңдар шығаруға өз үлесімді қосайын» деген риясыз ниет, мақсат – праймериз заңдылықтарын оқып шыққаннан кейін барып ұялаған. Кез келген «Nur Otan» партиясының мүшесі үшін жергілікті депутаттықтардан бастап жоғары Мәжілістерге дейін айқара жол ашылып, үміткерлердің сенімі арта түскен. Оны осындай жарысқа қатысқан, праймеризге тіркелген аудандағы алпыстан аса үміткерлерден-ақ байқауға болады. Т.Шаутай облыстық мәслихат депутаты бола жүріп аудан көлемінде адам сенгісіз игілікті істер атқарды. Алдымен «Оқшы Ата» мазаратында кәсіпкер достарының көмегіне сүйеніп, өзі басшылық жасай отырып, «Иман үйін» соқтырды (қонақ үй есебінде). Оған сырттан келгендер демалады, қона жатады. Оның 240 орындық асханасы, діни және әдеби кітаптар қоры жинақталған кітапханасы, имамның бөлмесі бар, әсем де үлкен ғимарат. Одан соң осы мазаратта «Есабыз баба» мешітін тұрғызды. Мұнан өзге алты елді мекенге өз қаражатымен Алланың үйін соғып беріп, барлығы он бес адамды Меккеге қажылыққа жіберіп, демеушілік жасайды, оның сегізі мешіт имамдары екен. Сондағы Тілеубергеннің мақсаты – мешіт соғып атын шығару немесе байлығын бекерге мал шашпақ ету емес, оны келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырып, қазақ елінің иманды жастарын тәрбиелеу, бүгінгідей ештеңеден қорықпайтын, обал-сауаптың не екенін түсінбейтін имансыз адамдар тобырын азайту, болдырмау. Алланың үйі мешіттердің де келешекте тәрбие мектебіне айналатындығын меңзеу екендігін білдік. Сол ұрпаққа өнеге болу бағытында өзін осы бастан мұсылмандық парызға бейімдеп, бес уақыт намазын қаза етпей, маңдайын Жер-Анаға иіп, Алланың қалауымен болып жатқан жақсы істері әлі күнге жалғасып келеді. Ол осыншама мешіттерге не әкесінің, не шешесінің, не руының аттарын бермепті. Жұрттың ұсынысын қабылдапты. Т.Құдайбергенұлы қандайда сый мен құрметке лайық.

Ол мемлекеттік тіліміздің, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, мүгедек жарымжан жандардың, тұрмысы төмен отбасыларының, талантты жас ақындардың, көне мәдени мұраларымыздың жоқтаушысы, қамқоршысы, шамшырағы. Оның пайымдауынша, тәуелсіз еліміздің байлығы – дені сау аналар, балалар, еңбекке жарамды адамдар. Мүгедек жандар да өмір сүруге талпыну керек. Олар да бір тірлікпен айналысулары қажет дейді. Өмірден түңілген адам өзіне қол жұмсап, суицидке барады. Т.Шаутай имандылықты, қайырымдылықты құрғақ сөзбен емес, нақты атқарған жұмыстарымен дәлелдеген. Ол депутат кезінде қаншама жетім-жесір отбасыларына көмек берді, заттай, ақшалай демеушілік жасады. Тұрмысы төмен отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Олардың ұл-қыздарын жоғары оқу орындарына түсіруге көмектесті. Жарымжандарға жанашырлық танытты. Аудандық, облыстық мәслихат депутаттары айлық алмай, қоғамдық жұмыс атқаратындарын ескерсек, Тілеуберген мұндай істерге сауап үшін-ақ баратынын жеткізді.
Сауап – мұсылманның ісі. Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылының тұрғыны, екі қолы, екі аяғы жұмыс істемей арбаға таңылған мүгедек, өлеңді аузына жыңғыл таяқша қыстырып, сонымен ұялы телефонды шұқылап әріп теріп, өлең жазатын ақын жігіт Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың поэзиясына демеушілік көрсетіп, 2014 жылы «Алматы кітап» баспасынан, «Тасжарған» атты өлеңдер жинағын бір мың данамен шығарып берген. Талантты ақынның өлеңдерін оқып шығып, шын талантқа бас иген, демеу берген, мүгедек ақынға шабыт, күш-қайрат, жігер, өмір сыйлаған. Бұндай ерлікке бергісіз жақсылықты жүрегінде иманы бар ұлтжанды Тілеубергендей ел ағалары ғана жасай алады. Т.Шаутай ана тіліміздің, мемлекеттік тіліміздің жанашыры. Ол ұлы ақын Абайдың, көрнекті қазақ ақындары М.Мақатаев, М.Шаханов, Ә.Тәжібаев, Қ.Сариндердің өлеңдерін достарына оқып беріп, ортаға салып, талқыға түсіріп, поэзияның ғажап күшіне басыңды шұлғытып қояды. Ол осындай алыптардың тілінің жойылып кетуін қаламайды. Өзінің праймериздік «Nur Otan» партиясының ішіндегі сайлауалды бағдарламасында қазақ тілінің мәртебесін көтеруден бастайды. Ол «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін, алдымен ана тіліңді біл, сосын жетіжұрттың тілін меңгере бер» дейді.
Қазақ халқын жүрегімен сүйген, ана тілінен түңілмеген, дарабоз ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін праймериз бағдарламасына жалау еткен Тілеуберген де тәуелсіз еліміздің мәңгілік салтанат құратынына сенеді. Алладан соны тілейді. Еліне, халқына, туған жеріне қызмет ету – мәрттігі, жомарттығы. Ілуде кездесетін пейіл кеңдігі, алақанының ашықтығы. Мұндай асыл қасиеттер анасы – Дәлханның ақ сүтінен дарып, қайтпас қайсар, ардақты әкесі Құдайбергеннің Жаратқаннан сұраған тілеуінің орындалғаны іспетті. Рухани шыңдалған азамат халық қалаулысы болып, теңіздегі кемедей жерөмірден көрінді. Ізгі қасиеттері мол Т.Шаутай Тәңірдің тілеумен басқа жандардың мұң-мұқтаждарына қарайласады. Ол аудан, облыс халқына қайырымдылықтың шапағат нұрын төкті, көпшілікке шарапатын тигізді. Мүгедектер, көмекке зәрулер, демеуге мұқтаждар одан ештеңе дәметкен жоқ. Оған тылсым күш итермеледі. Құранда көп айтылатын сауап сөзі иесін тапқандай. Сауапқа арналған еңбектің сұрауы болмайды. Ахиретте сұралып қалса, сөзсіз жұмаққа кетіп, тозақ сол жақта айдалада қалатыны айдан анық. Ол әзірге Тілеуберген Құдайбергенұлының өз құпиясы. Білетіні – қолдан келгенше халыққа жақсылық жасау. Ар-ұяттан аттамау.
«Еңбек – әлемнің әміршісі» дегендей, он жасында асқар тау әкесінен айырылған Тілеуберген мектептегі сабағын жақсы оқумен қатар, анасы Дәлханның қолқанаты болады. Сұр есекке мініп алып, үйдегі малға баулап шөп тасу, сырттан қысқа отын даярлау, сиыр, қой-ешкінің астын тазалау, өмірі бітпейтін үй шаруасының барлығы сыныптастары Толик деп атайтын осы қарадомалақ баланың мойнында болатын. Жетіммін демеді, еңбекпен ерте есейді, қатарының алдында жүрді. Класта класком болып, мектепте белсенді оқушы болады. Бірде балалық шығар, бір топ оқушы жанжалдасып қалады. Сөйтіп, сол кездегі №152 «Жөлек» орта мектебінің директоры, ұлағатты ұстаз Мақұлбек Рүстемов ағайдың алдынан бір-ақ шығады. Сонда директор Тілеубергенге қарап: «Ет сасыса тұз себеді, тұз сасыса не себеді?» деп оған зілсіз ұрысқан екен. Қайран Мақұлбек ағай қазір ойласам, Тілеубергенді сол кезде-ақ таныған екен, бағасында беріп қойғандай еді. «Ей, сен тұз емессің бе? Мына шалапайлармен неғып жүрсің? дегені екен ғой» деп сыныптас досы, Шымкент қаласында студенттік қызық шақтарын да бірге өткізген танымал ұстаз-педагог Бегімтай Сатаев осылайша еске алып, осы Толикті қазір бәріміз де Төкең дейміз. Шындығында ол жастайынан алғыр, зерек, зейінді оқушы болатын. Отбасында қанша таршылық, жоқшылық болса да оны сыртқа білдірмейтін. Төкең талантты өнер иесі. Ол гитара тартып, әдемі тенор дауысымен ән салғанда оны қоршалап отыра қалатынбыз. Ол туралы айта бергім келеді. Тілеуберген досқа, уәдеге берік. Сондықтан да болар, әлі бірге келе жатырмыз. Оған ырзамын деп әңгімесін жалғастырды. Ақты – ақ, қараны – қара дейтін, әділетсіздікке төзбейтін адамның нағыз өзі – бұл біздің Төкең деп кесіп айтты. Бекерден бекер өйдемеген шығар.
Үміткер Т.Шаутай 1962 жылы 25 тамызда Шиелді ауданы, Қызылқайың ауылында дүниеге келген. №152 «Жөлек» орта мектебін 1979 жылы бітірген. Шымкенттегі қазақ химия-технология институтын инженер-құрылысшы, Қызылордадағы Қорқыт Ата университетін тау-кен инженер-мұнайшы мамандықтары бойынша тәмамдаған. 1984-1986 жылдары «Ақтөбемұнайгаз» өндірістік бірлестігінің жылжымалы механикаландырылған колоннасында құрылыс шебері болып еңбек жолын бастаған. 1986 жылдан осы күнге дейін 34 жыл үздіксіз «Құмкөл» мұнай кенішінде «Петроқазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамында жұмыс жасайды. Қатардағы инженерден құрылыс жөніндегі директор лауазымына дейін көтерілген. Ұжымында қадірлі, беделді де абыройлы, құрмет төрінде. Тілеуберген әке-шешесінен төрт ағайынды. Ағасы Қадырберген Құдайбергенов те қоғам үшін еңбек еткен танымал кісі, қоғам қайраткері. Кеңес және партия қызметкері болған. Қадекең 1990-1992 жылдары Шиелі аудандық атқару комитетінің төрағасы болып, ауданда абыройлы басшы бола білді. Сондай-ақ інілері Тілеубергенге тілеулес болып отырған екі апасы да ауылдағы мейірімді аналар санатында.
Т.Шаутай – отбасылы. Сүйікті жары Перизат жоғары білімді банк қызметкері, Жұбайлар бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы. Ұлы мен бір қызы студент, қалғандары мектеп қабырғасында. Балалар қашанда әке-шешесінің сағынышы, көз тоймас бақыт гүлі. Ата-ана да солармен бақыт құшағына бөленеді. Өмір сонысымен – махаббатымен қызық. Т.Шаутай облыстық мәслихат депутаты кезінде бір сәтке дамыл таппаған. Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылындағы «Балдырған» балабақшасы 2008 жылдары күрделі жөндеуден өтеді деп, оған 32 млн қаржы бөлініпті. Облыстан келген комиссия балабақша апатты жағдайда, жөндеуге келмейді деген шешім шығарыпты. Мұны естіген депутат Т.Шаутай балабақшаны келіп көзімен көріп, құрылысшы ретінде оның апатты жағдайда еместігін дәлелдеп шығады. Сонан соң облыс әкімінің орынбасарына кіріп, қосымша қырық миллион қаражат бөлдіріп, балабақшаға 72 миллионға күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік алып беріпті. Бірде Тілеуберген тележурналистің сұрақтарына жауап беріп отырады. «Өмірде арманыңыз бар ма?» деген соңғы сұрағына
– Адамда арман таусыла ма? Бір арманға жетсең екіншісі, одан үшіншісі туындап жалғаса береді. Менің негізгі арманым – аман-есен зейнеткерлікке шықсам, жөнді, дұрыс қартайып, аудан, облыс басшыларын, тіпті Президентке дейін жамандаудан аулақ болу. Әдемі үлкейе білу, қартая білу де – өнер. Менің басты арманым осы, – депті.
Облыстық мәслихаттың кезекті бір сессиясында Т.Шаутай сөз алып, өз ұсынысын айтып, оны сессияға қатысып отырған облыс әкімі қолдай жөнеліпті.
– Депутаттардың міндеті – бюджет қаржысын жоспарлы түрде тиісті жерлерге әділ бөліп беру. Ал сол ақшаны, бөлінген миллиондаған теңгелердің орын-орнына жұмсалуын кім қадағалайды әңгіме сонда деп, сөзін түйіндепті.
Шиелі ауданынан сайланған облыстық мәслихаттың депутаты Т.Шаутай «деген екен» деген қанатты сөздер, ұшқыр ойлар, пайдалы ұсыныстар ел арасында тарап, халық құлағын талай шулатқан. Бұл оның халық қалаулысы екендігінің айқын дәлелі. Праймериз – партияішілік саяси дода дедік. Саяси додаға түскесін саясаттың не екенін білген дұрыс. Саясат дегеніміз – айтқаныңа көндіру. Кімге болсын, қай жағынан болсын (білім, ақыл, ой-өріс т.б.) қарсыласыңа үстемдігіңді білдіру екен. Саясат оңай шаруа емес. Артылар міндет тым ауыр. Әсіресе, жауапкершілік жүгі зілдей. Біреулер ойлағандай депутат тіпті де атқарушы органға жатпайды. Парламент мәжілісі – ол заң шығарушы. Оған депутат болғандар қазақ елін заңдармен қамтамасыз етеді. Заңның дұрыс, бұрыстығын, кейбір тарауларының терістігін білу, аңғару үшін оны бұзу үшін, яғни кемшілігін дәлелдей алатын білім қажет. Үміткер сөзге де ұста, іске де шебер, «сегіз қырлы, бір сырлы» болғаны дұрыс. Халық қалаулысы болу шарт емес, міндет. Үміткер адал, әділ, шыншыл, қанағатшыл, намысшыл, ұлтжанды өз ұлтының қадір-қасиетін түсінетін, тәуелсіз еліміздің жоғын жоқтап, барын асыратын, қоғамшыл, халықшыл, жемқорсыз азамат болуы қажет. Бүгінгі заман талабы да сол. Бұл жарысқа дәті шыдағандар, қабілетіне сенгендер, нағыз елге жаны ашитын жігіттер, ерлер мен қыздар, әйелдер қатысып жатыр деп ойлаймыз. Олардың барлығына өз басым «Nur Otan» мүшесі хақында сәттілік тілеп, қалаған үміткерге праймериздік дауыс беруге нұротандықтарды шақырғым келеді. Олардың бес мыңдай дауыстарының ішінде еліміздің Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Тілеуберген Шаутайдың да мерейі үстем болатындығына сенім білдіреміз. Нұротандық үміткер, жерлес бауырымыз Т.Шаутай айтпақшы, адам жаман сөз айта берсе, жамандықты шақыратын көрінеді. Қазақтың бөрі деп жыртқыш аң қасқарды қасқыр демеуі, жаман аурулардың да атан күйттемей жаман індет деп қоя салуы, дана халқымыздың «кімді айтсаң, сол келеді» дегеніне саятын секілді. Ал жақсы сөз айтып отырса, елімізде жақсылықтар көбейіп, республикамыздың экономикасы да, мәдениеті де, әлеуметтік тұрмысы да дамып, өркендеп, гүлденіп, шарықтай түседі екен. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген нақыл бар жақсылықтарға бастап тұрғандай.
Қазақтың жалынды ақыны, ұлтымыздың мақтанышы М.Шахановтың «Төрт анасын» бағдарламасына балама еткен, ақынның «Туған жерін, туған тілін, жан байлығы мен салт-дәстүрін және туған тарихын» ту еткен өлең жолдары да Тілеуберген Шаутайдың төрт анасындай үміткерлік қадамына шуағын шашады деп ойлаймыз. Өйткені оның бағдарламасы да, өмірдерегі де шағын, қарапайым, бірақ жұртқа түсінікті. Т.Шаутай алған алғыс, медальдарын, марапат грамоталарын тізбелеуді жақтырмады. Ол «Nur Otan» партиясы XIII, XIV, XV съездерінің делегаты, «Nur Otan» партиясы ҚОФ Саяси кеңесінің мүшесі, «Nur Otan» партиясы ҚОФ Пратиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін кеудесіне қадаған «Nur Otan» партиясының белді, сенім артар мүшесі Т.Шаутайдың елі үшін бітірген ісінен бітірер істері көп. Біз оны ҚР Парламент мәжілісі депутаттарының қатарынан көрсек дейміз. Адал еңбегінің арқасында маңдай терімен тапқан қаржысын имандылық, қайырымдылық жолына сарқа жұмсауды әдетке айналдырған үміткерімізді Алла Тағала жақсылыққа жеткізсін. Арайлы атар таң да алыс емес секілді. Ол – халықтың адамы.
Өркен ИСМАИЛ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі