«Nur Otan» партияcы Шиелі аудандық филиалы төрағасының, бірінші орынбасары П.Ш. Маханбеттің ішкіпартиялық іріктеу - праймеризді өткізудің басталуына орай шиеліліктерге Үндеуі мәтінінің жобасы
Құрметті шиеліліктер!
Биылғы жыл саяси оқиғаларға толы жыл. Осы ел болашағына аса қажетті шаралардың басында «Nur Otan» партияcының тұруы тарих тудырған мүмкіндіктердің бастысы. Мемлекетіміздің партиялық-саяси даму барысында көшбасшы партияның жалпыреспубликалық масштабта тұңғыш рет Праймериз өткізу жұмыстарын қолға алуы жариялылықтың нақты көрінісі.
Праймериз өткізу арқылы нұротандықтар өзінің көшбасшылық орнын онан әрі нығайта түседі. Осы орайда қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері таңдауының мәнісі зор болмақ.
Партияішілік іріктеу арқылы– Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелі және айқын негізде тәжірибелі көшбасшылар анықталады. Әлемді жайлаған індеттің әсері қай іске де тиіп отырғандығы жұртшылыққа белгілі. Сондықтан да праймеризді онлайн форматта өткізілуі жоспарланып отыр. Бұл әрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партияcының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы.
«Nur Otan» партияcы елдегі қандай да болса ауқымды шаралардың басы-қасында жүруімен ерекшеленіп, беделге ие болған партия. Әлемдік пандемия кезінде көшбасшы партия. Халықты қолдау шараларын үзбей жүргізіп келе жатуымен қатар алдағы жұмыстардың да нәтижелі өрбуін естен шығармайды. Міне, ішкіпариялық іріктеуді жаңа технологиямен өткізуді бастап көруде де осындай маңыздылық бар. Партия басшылығы елдің денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қадамын онан әрі дамытып, жалғастыра түсетініне сенім мол деп түсінген жөн. Ауқымды акциялар арқылы пандемия барысында азаматтарды қолдаудың барлық шараларын қолға алып, халықтық партия ретінде қоғамды бірлікке жұмылдырып келгені елдің көз алдында.
Шиелі ауданы ауылшаруашылығымен қатар өндірісі де өркендеген болашағы кемел аудан. Бұл өңірде білімі мен тәжірибесін ұштастырып, еліміз бен аймағымыздың болашағы үшін қызмет жасауға ниетті азаматтар шоғыры мол. Сондықтан да белсенді де бастамашыл және жаңашыл да кәсіпқой азаматтардың праймериз қатысу арқылы бақ сынап көргендері дұрыс деп есептеймін.