Жиынға себеп болған жеті мәселе
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен
VІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс20 сессиясында күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылды. Депутат П.Маханбет төрағалық еткен сессия жұмысына аудан әкімі Ә.Оразбекұлы, аудан активі, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Алдымен аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.Мақаш ауданның 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті және аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №18/3 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша баяндама жасады.
Ал, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанкелді Бекенов 2018 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы деректерді көппен бөлісті.
Мұнан кейінгі үш мәселе бойынша ортаға озған аудан әкімінің аппарат басшысы аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиялардың құрамын бекіту, аудан әкімдігінің дербес құрамына келісу жөніндегі тақырыптарын қозғады.
Аудандағы сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау және оның қорытындылары, аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 11 сәуірдегі №27/10 шешіміне өзгерістер енгізу және кей шешімдерінің күшін жою туралы сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Б.Сыздық айтып өтті.
Жиынды аудан әкімі Ә.Оразбекұлы қорытындылап, кадрлық өзерістерге тоқталды. Әрі қарай халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономикамызды көтере түсуге бағытталған мақсаттар жүйелі жүзеге асып келе жатқандығын тілге тиек етіп, алдағы атқарылар толағай тірліктерді де назарға салды.
«Өскен өңір» ақпарат.