Салмақты, сабырлы болайық
Кене тасқа жабысқандай, коронавирустың ауыртпалығы жаһан жұртына қиын кесапат алып келді. Бұл індетпен күллі жұрт күресуде. Жасыратыны жоқ, адамзат баласының бұрыңғы алаңсыз көңілін қазір күдік пен үрей басты.
Соңғы күндері көк жәшіктен естіп-көретін, көрсең, тіпті шошисың. Арамыздан әрбіріміздің жақындарымыз жұлып әкетіп газеттен оқитын ақпараттар көбісі қаралы. Статиска мамандары берген сандарды жатқан бұл індеттің емі қашан табылады деген сауал торлайды санамызды. Осыған орай Мемлекет басшысы 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жария етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сын сағатта халықтың тағдырына жауапты тұлғалардың есепке тартылатынын ашық жеткізді. Тиісінше, аз уақыт ішінде билік тарапынан кеткен кемшіліктер қалпына келтіріліп, барлық мақсат халық саулығы жолына жұмылдырылмақ. Президент коронавирусқа қарсы күрестің жалғаса беретінін жеткізді. «Бұл індетті адамзат жуық ара жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды. Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз айқын, қоғам алдында ешнәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады» деген болатын.
«Жақсы сөз – жанның дауасы» деген бар. Мамандар ендігі жерде күн сайын кеселдің беті кері бұрылады деп болжауда. Сондықтан ұдайы жақсы сөз айтып, жақсы ойда болайық.
Бақыт Ұлжаев, Шиелі ауданының бас имамы