Еркектерді әйелдерден аз дейді...
Ер адамның ерлігін айтып, қорғаны санайтын нәзікжандылардың саны басымырақ түскенімен ер азаматтардың алар орны да, көтерер жүгі де салмақты. Еркектің қисық қабырғасынан жаратылған әйелдің бір саты төмен тұратыны да содан. Ендеше аз болса да саз, мықты, мығым, рухты қазақ жігіттерін неліктен кемсітеміз?
Соңғы кездері әлеуметтік желіні ашсаң қазақ жігіттеріне қынжылған, көңілі толмаған арулардың өкпе-ренішінен көз сүрінетін болды. Оның басым бөлігі шет ел азаматтарының етегінен ұстап, шекара асқандар. Бақытын басқа елден таптым деген құралай көздер қазақ жігіттерінің сағын сындырып, еңсесін басқаннан не ұтпақ?
Соңғы кездері әлеуметтік желіні ашсаң қазақ жігіттеріне қынжылған, көңілі толмаған арулардың өкпе-ренішінен көз сүрінетін болды. Оның басым бөлігі шет ел азаматтарының етегінен ұстап, шекара асқандар. Бақытын басқа елден таптым деген құралай көздер қазақ жігіттерінің сағын сындырып, еңсесін басқаннан не ұтпақ?
Жалпы Қазақстан халқы 18 милионнан асып жығылады. Ал оның 82 мыңнан астамын Шиелі ауданының тұрғындары құрайды. Статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, Шиелі ауданында да әйелдер саны басым. Сөзіміз дәйекті болу үшін аталған көрсеткіштің 51,7 проценті әйелдер екенін де айта кеткен ләзім. Отбасының тірегі, әйел затының сүйеніші, қарындастың қорғаны саналатын азаматтардың аздығынан қорықпаймыз, есіл ерлердің ездікке салынбағаны керек бізге. Құранда «Еркектер – әйелдерге пана, қамқоршы, жауапкер, қорған, басқарушы» деген. Алла берген осы биіктен аласармайтындай құрмет көрсету нәзік жандылардың еншісінде ендеше.
Намысқой қазаққа итің жаман десең, өкпелеп қалары сөзсіз. Ал жігіттің шамына тиіп, сынын тізіп, мінін айтуды әдетке айналдырып алғалы қашан. Тіптен телеарналардан да осы сарындағы әңгімелерді жиі құлақ шалатын болды. «Сен жамансың, әлсізсің» деп еңсесін баса берсек, баяғы батыр, өр рухты бабалардай қайратты азаматтар көбейе қояр ма екен? Тарихқа, қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлғаларға көз жүгіртсек, бәрінің де анасы мен жары текті, тәрбиелі екенін аңғарамыз. Сондай-ақ сол жандардың сенім артып, төбесіне көтере отырып сый-құрмет көрсеткенін де білеміз. Білекті де жүректі, қайтпас қайсар ұлдарды тәрбиелеген де сол нәзік жандылар. Ендеше ер адамдарды аз немесе ез деп кінәламас бұрын ұрпаққа кім, қандай тәрбие беріп жүр деген сауалды санамыздан өткізгеніміз жөн-ақ.
Бұл мақала санын санап, атын түгендеумен қыз баланың көптігін айтып мақтану не азаматтардың ар-намысына тиюді емес, асқар таудай тұлғаларымыздың еңсесін көтеруді көздейді. Ал ол үшін көп болып қолдау танытып, ер адамның рухын, намысын оятатын ерліктерін айта жүрейік.
Г.ДҮЙСЕБАЙ