Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы пирамидасынан сақ болыңыз!

Қаржы пирамидасынан сақ болыңыз!

Қаржылық пирамида – бұл қандайда бір инвестициялық жобаға халықтың қаржысын тартатын, бірақ шын мәнінде ешбір инвестициялық қызметпен айналыспайтын, жобаның қатысушыларына төлемдер жүргізуді жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаттары есебінен жүзеге асыратын ұйым. Бұл қаржылық инвестициялар нарығында алаяқтық әрекеттердің кең таралу түрлерінің бірі болып табылады және ел экономикасына, тұтастай  халыққа зиян келтіруі мүмкін.
Қаржылық пирамидалар салымшылардан мүшелікке кіру жарнасынан басқа, ешқандай жұмысты талап етпей жоғары пайыздық кепілдіктер беретін болған соң оңай олжаға тез сенетін азаматтар тәуекелге барып, барлық жиған-тергендерін, дүние-мүліктерін салады. Адамдарға кең ауқымда жүргізілген жарнамалық акциялар арқылы осы мекемелердің құрамына кірген адамдар үгіттеулер жүргізеді. Қызметтің заңдылығына сендіру мақсатында келісімшарттар жасалады, ал нақты алғанда азаматтардың ешбірі қандай құжатқа қол қойып жатқанын білмейді. Ақпараттық технологиялардың дамуымен қаржы пирамидаларының қызметтері интернет желісі арқылы да жүргізіле бастады, мұнда тұрғындарға желілік маркетингтен бастап басқа адамдарды тарту есебінен табыс табуға дейінгі жеңіл табыстың түрлі тәсілдері ұсынылады. Қаржылық пирамида сызбаларын пайдалану арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды заңнамалармен жауапкершілікке тарту қарастырылған. Сондықтан қаржылық пирамидалар құрамына кіруден сақтаныңыз.

Ө.ҚАРАБЕКОВ,
21 маусым 2020 ж. 1 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031