Сөз баққан емес, ел баққан ер керек
«Ерден ердің несі артық, бір-ақ ауыз сөзі артық» дейді бабаларымыз. Бұл сөзіне ісі сай келетін, аузынан шыққанды міндетті түрде орындайтын адамды меңзегені. Яғни ердің артықшылығын айқындайтын басты қасиет де тындырғын ісі болса керек. Қазақ – бірауыз сөзге батпандай салмақ салып, дауды шешкен халық. Дана Абайдың «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деуі де бекер емес-ті.
«Ер – ел тірегі» деген қанатты сөз бар. Айтса, айтқандай-ау! Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші?! Сөйтсек, тұтас елге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз отбасыларының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой! Бұл пікірімізге дәлелдерді тарих парақтарын сәл-пәл ақтара бастағанда-ақ молынан ұшыратарыңыз сөзсіз. Демек ол кісілер ең әуелі отбасы мүшелерінің алдындағы өздерінің айрықша жауапкершіліктерін жеріне жеткізе түйсініп, сезініп және сол міндеттерін хал-қадірлерінің жеткенінше биік деңгейде атқарып өтуге ұмтылған жандар екен. «Бітісі жаман қамысты, Су ішінде өрт алар, Жүрісі жаман жігітті, Ел ішінде жау алар» деп жырға қосқан қайран халық. Демек қисық қамыс кімнің, нендей қажетіне жарамақ десеңізші?! Бағзыда әжелеріміз қамыстан өреше тоқу үшін олардың түзу біткендерін ғана таңдайтын деуші еді әкем. Ал аталарымыз қарашаңыраққа тіреу ретінде түзу де мықты емен ағашын тоғайдан-тоғай қоймай жүріп іздестіретін дейді көнекөз қариялар. Сонда бабаларымыздың айтпағы да, аңсап өткені де соңында қалар қарашаңырақтарына тамырын тереңге салған биік бәйтеректердің тірек бола білуі екен ғой. Жай ғана армандап қоймай, ол кісілер әулетіндегі сүттей ұйыған берекенің келер ұрпақтарына жалғаса түсуін ерте бастан-ақ күйттей білген. Нақтылай айтқанда, шаңырақтағы тәрбие ісімен күн сайын, сағат сайын жеке іс-әрекеттерімен де, ұлағатты сөздері арқылы да айналысып отырған. Бәлкім, содан болар, бос сөзге құмартып, жел сөзге желпінген еркекті кезіктірмеуі.

Қазір қазақтың даласында да, қаласында да – жаңа ел, жаңа ұрпақ, жаңа буын. Адам танымастай болып өстік, кісі қызығарлықтай болып өндік. Еліміз әлем картасынан өзінің орнын ойып тұрып алды. Өшкенімізді жақтық, жоғалтқанымызды таптық. Дегенмен сол баяғы бабалардың тәлім-тәрбиесінен жырақтап кеттік пе, әлде өскелең буынға үлгі болар қарттар кеміді ме? Сылаңдаған жігіттің болмысы бұзылып, өсек сөзге құмартқаны несі? Бірін-бірі бауырым деп, қолдап, қорғап жүретін халық қазақ қана. Олай болса күндеп, қара күйе жағып, өзінен өзгені жаманға балайтын бос сөзге құмартудың ақыры қайда апармақ? Елім деген ерлердің ертеңін өсек-аяңмен бұлыңғырлауды доғармасақ, ер азаматқа тән бірсөзді қалыпты қайта қайтармасақ, қазақы болмысымызға сын болар. Азаматтардың әйел адамдардан бір саты жоғары тұратынын бағамдасақ, лепірме сөзбен бірін-бірі ғайбаттағаны жарамас. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Керемет айтылған. Қарап отырсақ, расымен де, осы бір өлең жолында дұрыс өмір сүрудің, тіршілікте табысқа толы болудың формуласы жатқандай. Себебі, әр нәрсенің берекесін келтіретін бірлік болмай, тірлік болмайтыны адамзаттың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен белгілі. Иә, бірлікте береке бар. Бірлік – адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп түйген. Бірлікті елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі санаған. Ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген. Ал айрандай ұйыған осы бірлікті ыдыратып, ірітуші күш – күншілдік, көреалмаушылық, іштарлық, араздық деп білген. Қазақ «Білімді адам нәрсенің байыбын айтады, білімсіз адам айыбын айтады» деген. Сондықтан әр адам ең алдымен өз бойындағы мінін теріп, өз-өзін тәрбиелеумен айналысса, өзгелерге уақыты да жетпес еді.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ