Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ордалы іс, орайлы шешім

ордалы іс, орайлы шешім

15 наурыздан күш алған күрделі ахуалға байланысты бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті мәлімдемесін жасады. Баршамыз асыға күткеніміз жасырын емес. Әрқашан елдік мүддені көздейтін, ұлттық мұратты ту еткен ол дүйім жұртты дүрбелеңге салған осынау кезеңде жұмысын жоғалтып, табыссыз қалған азаматтарды және ойлаған жоспарын кейінге шегеруге мәжбүр болғандарды адами тұрғыдан түсінетіндігін тілге тиек етті. Қазақстанда қауіпті індет кең етек жайып кетпеу үшін осындай шешім шығаруға тиіс екендігін де біздің қараша халық түсінеді деп ойлаймын. Соның арқасында коронавирусты сәл де болсын бәсеңдетуге, өршіп кетпеуіне мүмкіндік туды. Мемлекет басшысы айтқандай осы төтенше жағдайдың арқасында індет жаппай таралған жоқ.
Төтенше жағдайды жариялаудағы «басты міндет – азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу» деп дөп айтқан. Соның арқасында Шиелі ауданында 51 адам кеселден айығып шықты. Бүгін жариялаған мәлімдемесінде Қ.Кемелұлы «Тағы да қайталап айтамын: қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайтындығын» баса айтты.
– Коронавирусқа қатысты жарияланған төтенше жағдай мамырдың 11-не дейін жалғасатын болды. Енді көбі кетіп, азы қалды. Сол себепті барынша сабырлылық танытқанымыз жөн.
Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде: «Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өткім келеді.Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілергеалғыс айтамын. Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлергеде ризашылық білдіремін.Сондай-ақ, халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық» екендіктерін жеткізді.
Қазақ қашанда бір ауыз сөзге тоқтаған халық. Ал әлемді шарпыған осынау бір індетті ауыздықтау үшін жоғарыда айтқан қасиетімізді көрсетудің орайы келген сыңайлы. Сондықтан жағдайдың қаншалықты қиын екенін түйсікпен түсініп, оны болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін өз дәрежесінде сақтап, сабырды жанымызға серік етейік!

Мейрамхан ДҮЙСЕНОВ,
Шиелі индустриялды-аграрлық колледжінің диекторы
28 сәуір 2020 ж. 637 0