Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй карантині – індетті жеңудің басты жолы

Үй карантині – індетті жеңудің басты жолы

Шартарапты шарлаған пандемияға тосқауыл қоюдың жалғыз жолы карантиндік режимді қатаң сақтау. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған мәлімдемесінде атап көрсетті. Жұқпалы індетпен барша халық болып бірге күресуге шақырды.

Президент мәлімдеме барысында төтенше жағдай кезінде алдыңғы шептен табылған дәрігерлер мен ішкі істер қызметкерлеріне алғысын білдірді. Олардың қиын қыстау мезетте көрсеткен ерліктерін ескеріп, бүгінгі күннің қаһармандарына балады. Бұл ерен еңбектің ескерілгені деп білеміз. Ендігі мақсат – дерттің дауасын табу.

13 сәуір күнгі мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 979 адамның зақымданғаны белгілі болып отыр. Тоқырау жоқ, күнде өсу бар. Шиелі ауданында олардың саны 57 адамға артты. Осы бәрімізді ойлантуы керек. Президент Қ.Тоқаев жағдайдың оңалмай тұрғанын ескеріп, карантин режимін тағы да он бес күнге ұлғайтуға шешім қабылдауға мәжбүр болды. Бұл шешімді дұрыс деп санаймыз, өйткені індетті ауыздықтай алмай отырмыз. Керісінше ол ұлғайып барады. Осындайда жеке адамдардың, әсіресе алға қойылған мақсатты бұлтартпай орындаудағы жергілікті басшылардың іскерлігі шешуші факторлардың бірі екендігі сөзсіз. Қалай десек те карантиннің талаптарын қатаң сақтауымыз керек. Алла да «сақтансаң сақтармын» деген ғой. Карантиннің талабын қазақпайшыл «ұзын арқан, кең тұсауға» салмай, тым болмаса осы сынақ күндері қатаң сақтасақ, індетті бірге жеңеміз. Үйде болыңыздар! Біз біргеміз.

Кенжебек Абишев,
Шиелі ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
14 сәуір 2020 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930