Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР- ПАРАСАТТЫЛЫҚ

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАЛҒАН АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР- ПАРАСАТТЫЛЫҚ

Презентация классному руководителю на тему " Парасаттылық" Ар  намыс,  қадір-қасиет,абырой  және  адамныңбеделі  -адамзаттың өмірінде, қоғамында, салт-дәстүр ғұрпында, ой санасында арнайы басты адами қасиетті құндылықтары болып табылатындығын білеміз.  Көнезаманнан  адамның  бойындағыадалдық,  әділдік, азаматтық,  ауызбіршілік,адамгершілік  сияқты  құндықасиеттердің бағасы жоғары болған.
Дегенмен, әр заманда әр уақытта да ақ пен қараның, жақсы мен жаманның  арасында  текетірестің  болып  отыратыныадамгершілік қасиеттердіңқұндылығын  жойып,  құнсыздыққаайналдырып жіберетініс-әрекеттер,  жағдаяттар  қоғамдаболып  жататындығынан хабарымыз бар.Біздің  қазақ  халқықанға  сіңген  табиғатындакөпшілдік, дархандылықкеңдік  сияқты  қасиеттерменерекшеленеді,  балаға,  жас буынғатал  бесіктен  бастападамгершілік,  адалдық,  әділдік,намысты болу, беделділік, әдептілік ұят деген қасиеттерді үйретіп тәрбиелеген.
Отбасындағыұл  мен  қыздыңбойындағы  адами  құндылықтар болып  табылатынадалдық,  ар-намыс,  қадір-қасиет,ұят,  жомарттық, әдептілік  сияқтыасыл  қасиеттердің  барлығытәрбие  түсінігімен байланысып  жатқандығын  байқаймыз.«Біреудің  ала  жібінаттама», «Қызды қырық үйден тыю», «Малым-  жанымның садақасы, жаным  -арымныңсадақасы»,  «Өлімнен  ұяткүшті»,  «Қолыңмен  істегенді-мойныңмен  көтер»;  Ердінамыс  өлтірер,  қояндықамыс  өлтірер, баланың  ұяты-  әкеге,  қыз–  ұяты  шешеге,ұрлық  түбі  -қорлық,  т.с. көптеген  ұлағаттысөздермен,  даналық  мақалдармен  тәрбиеленген ұрпақтың  бойынасіңіріп  отырған.  Қазақтыңәдептілік,  әділдік  атты құндылықтарын қазақ философиясы баға жетпес қазына деп таниды.
Осындай  ұлт  намысыныңабыройының,  қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары деңгейде бағаланғанын аңғаруға болады.Кез-келген  адамныңадами  санасы  менмінез  құлқын анықтайтын  біріншіпсихологиялық  қасиет-ар  намысыболып табылады. Бұл жеке тұлғаның адамның бойындағы адалдық,  шыншылдық, ар,  абырой,тектілік,  әділеттілік,  ұят, көргенділік  дейтінқұнды қасиеттерді  бағалайтын  жүйеліморальдық  мәдениеттілік,  саналық этика мен әлеуметтік психологиялық ұғым.
Адамныңнамысы  мен  ұятытүрлі  қызмет  атқарады;ол  кез-келген  тұлғаныңжан  дүниесіндегі,  ішкісанасындағы  білінбейтін, көрініс  бермейтін  тәртіпұят  сақшысы  сияқты,адамгершілікке жанаспайтын теріс іс-әрекеттер істеуден аяқ тартқызып, сақтандырып қана қоймай, пасық жымысқы ниеттерден де алыстап бойынан арылту  үшін аса қажетті. Бұл  туралы әлем данышпандары да әр заманда ар-намыс  пен  қадірқасиеттің  категорияларын  алғашболып  Рим стоицизмнің соңғы кезеңінің өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий зерделеген Сенеканың флософиясында мәдениеттілікке этикаға деген көзқарасы басым. Эпиктет  адамныңқоғамдағы  ар-намысы  менабыройын  сақтап қалуды  үйреткен,озбырлықпен  алдап  тапқанпайданың  адамға әкелетін  ешабыройы  мен  қадіріжоқ  екендігін  ойдаболған.  Рим императоры  МаркАврелий  бүкіл  әлемгеөзінің  адамзаттың  бірінші байлығы  шынайыөмір  сүру  қағидаларытуралы  насихаттарымен танылған.  Ұят,  ар,абырой  құндылықтары  туралыұлылар  да  айтып
жазып кеткен.
Ұлы  Абайатамыз  өзінің  қарасөздерінде;  Кімнің  ұятыжоқ болса,  оның  иманыда  жоқ деп,  БаласағұнҰят-жаман  ойдың  жүгені, Бұл жалғанда бұзатын-арсыз  адам деп айтқан. Біз ұрпағымызға өзіміз өнеге  көрсету  арқылынағыз  адамгершілікті  тұлғалықтытанытамыз.
Қоғам  абыройсөзін  кең  мағынада-  ар,  ұят,құрмет,  бедел  қадыр-қасиет сияқты ұғымдардың жүйесін түсінеді. Абырой  бұл  –тұлға  бойындағы  қазыналықастерлі  құндылық
болыптабылады.  Ұлтымыздың  философиялықтүсініктері  адамзатты даналыққа, адамгершілікті етіп ұстауға, әділ болуға, адал, намысшыл, шынайы өтірік айтпауға, екіжүзділіктен аулақ болуға, аманатқа қиянат жасамауға  тәрбиелепотырған.  Ата-бабамыздан  аманатталғаносы асыл  қағидаларды  сақтамау,оларды  бұзу,  қиянатқажол  беру-қатаң жазалауға апарады.
Тарихи,шежіре  мәлеметтерден,  мұрағатқұжаттардан  көптеген кісі  өлтіру,  елдіңбеделді,  құрметті  азаматтарынқорлау,  бөгденің мүлкін  малынзаңсыз  иелену,  ұрлау,зомбылық  пенқиянат  жасап  ар, ұятқақиянат  жасағанда  өтеауыр  күнәні  атанғандарқатаң  жазалар кесілгендіктерін білеміз.
Адалдықадамның  бойындағы  құныжоғары  қасиет,  азаматтық санасы, ой-түйсігі  менар-намысына  қарсы  келмейтініс-әрекеттердің моральдық-этикалық құрылымдық жүйе.
Адамгершілік,адал  болу,  алдамау,шыншыл  болу  сияқты қасиеттер  ұжымдықортада  бойына  сіңіргентәлім  тәрбиесіне,  ішкі жан дүниесіне, біліміне, таза жұмыс істеуіне, еңбек етуіне байланысты ұштасаотырып  қалыптасып,  адамныңжеке  басы  ментұлғалығының
деңгейін көрсетеді, сипаттайды.
Адам  озып,  ұятсызқылыққа  жол  бергенадамдарды  қазақтың дала  заңнормаларында  қатаң  жазалаутәсілдер  қолданғанын  да білеміз.Ең  ауыр  масқаралаужазасының  бір  түрібұл-моральдік этикалық  нормаларды  бұзғанүшін  жазаға  кесілгенадамды  есекке теріс  міңгізуболған.  Бұндай  жазалаухалқымыздың  дәстүрлі  дала заңында қатаң ауыр жаза деп табылған.
Атабабамыздан  біздердің  ұғымымызда«адал  кәсіп»,  «адал мал», «адал ит», «адал жар» деген қастерлі сөздер қалғаны белгілі, бұл сөздердің түпкі мағынасы таза, жалғандықтан ада деген мағынасында білдіреді.Ұрпақты  үлкенді  сыйлауға,кішіге  қамқор  болуға,иманды болуға адамгершілікке баулу.
Адам бойындағы асыл қасиеттерді әр адам жоғары қойып үлкен жауапкершілікпен қорғауы керек.  Азаматқа қойылатын басты талап-адамгершілік  пен адалдық. Ол  адам бойындағы  еңасыл  қасиет және азаматтың  еңбиік  мұратына  жетелейді.Бұл  ізгі  адамгершілік қасиеттері  адамдымейірімділікке,  Отанын,  жерін,жанұясын құрметтеугебағалауға  сүюге  үйретеді.
Адамбаласының  бойында адамгершілік  пен  адалдыққасиеттер  болмаған  жағдайда,адам  өз-өзінің құнын білмейді, сыйламайды. Адам  бойында  жағымдыиманды  қасиеттер  көпболса,  ол адамның  жолыашық  болмақ,  оғанбақ  та,  дәулетте  қонады  деп жатамыз, жастарды жақсы қасиеттерге үйрету жағымсыз қасиеттерден арылту қажет. Кез-келген адам өзіне қымбатты болып танылатын, өзі үшін өте құнды  деп  есептелетіннәрсесін  қаншалықты  бағаласа,құрмет  тұтса, барынша жақсы көріп сүйіспеншілік танытса ғана бұны нағыз намыс екенін түсінеміз.
Ар-намысабырой  -  бұладамның  беделі,  қадірқасиеті.  Азамат әркез өзінің қасиетін жоғары қойып, бағалап қастерлей білуі, қорғауы қажет.  Адамөз  бойына  ар-намыс,ұят,  адалдық,  әділдік,сыпайылық сияқты құндылықтарды сіңіре білуі қажет.
Мақала авторы: Арғынбекова Гүлнар Ишанбекқызы - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жанынан құрылған ақпараттық – ағартушылық штабының мүшесі.
10 сәуір 2020 ж. 3 320 0