Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дін сауаттылықты қажет етеді

Дін сауаттылықты қажет етеді

Бейсенбі күні облыстық ішкі сая­сат басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда әлеуметтік желілер мен БАҚ-тардағы ақпараттың маңыздылығы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Шарада ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы имам қызметіне қатысты берген сұхбатында атап өткендей, заман талабына сай ғылым-білімді жетік меңгерген білікті кадрларды жасақтау арқылы жат ағым жетегінде кетудің алдын алу жұмыстарын қарқынды жүргізу мәселесі көтерілді. Семинар-тренингке аймақ журналистері, журналистер пулі, теолог мамандар, АТТ мүшелері, мешіт имамдары қатысты. Арнайы шақырылған қонақтар Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Садуахасұлы «БАҚ өкілінің діни сауатты болуы – заман талабы» тақырыбында, «Kazislam» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының бас редакторы, философия ғылымдарының магис­транты Саясат Идеятұлы «Дін мәселелері тақырыбында БАҚ-та ақпарат жариялау этиксы» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы ­Болатбек Ұласқанұлы, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Бақытжан Жарылқасынұлы дұрыс ақпарат таратуда медиа контент пен әлеуметтік желілердің атқарар рөлі жайында қаузады. Шара соңында өзара пікір алмасу арқылы ұсыныстар тыңдалды.

«Өскен өңір» ақпарат

14 наурыз 2020 ж. 466 0