Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ықыласты бала Ықылас

Ықыласты бала Ықылас

Алматы қаласында 24-28 ақпан күндері «Be Clever» Халықаралық дамыту орталығының ұйымдастыруымен әртүрлі жастағы бүлдіршіндер арасында ІІІ Халықаралық «Менің жанұям» атты суреттер, фото суреттер, қолөнерлер және ашықхаттар шығармашылық байқауы өткен болатын.

Дәстүрлі түрде өтетін байқауға Шиелідегі «Шұғыла 2» балабақшасының бүлдіршіні Ықылас Абдрахман қатысып, өз талантының арқасында жүлделі І орынға ие болды. Айта кетейік, Ы.Абдрахман осы кезге дейін бірнеше байқаулардың жеңімпазы атанған. Оның халықаралық байқауда жүлделі орынға ие болуына жетекшісі Жазира Күзенбаеваның үлесі де жоқ емес.
– Ғаламтордан аталған байқаудың өтетіндігін көзім шалып қалды. Сосын бұл байқауға неге қатысып көрмеске деген ой туды. Өз тобымдағы алғыр, сурет салуға жаны құштар Ықыласпен бірге қатысуға шешім қабылдадым. Себебі, Ы.Берікұлы бүлдіршін болса да, қиялын қағаз бетіне дөп түсіре алады. Сондықтан оның жеңіске жететіне сенімді болдым, – дейді жетекшісі.
«Болар бала жасынан» дегендей, 4 жастағы талант иесінің алда бағындырар жеңістері көп болғай!

С.МАДИЯРОВА


11 наурыз 2020 ж. 1 082 0