Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодарлық оқушылардың әуе модельдері үш жүлдені жеңіп алды

Павлодарлық оқушылардың әуе модельдері үш жүлдені жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында өткен авиа-, ракета-, авто-, кеме үлгілеу бойынша республикалық техникалық шығармашылық пен өнертапқыштар жарысында Павлодар облысын балалар техникалық мектебінің 7 тәрбиеленушісі танытты. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Біздің өнертапқыштар 4 авиа, 2 кеме және 1 авто үлгісін көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының техникалық мектебінің тәрбиеленушілері 3 жүлделі орынға ие болды. Авиа үлгісі класында «Кордовый полукопия, контурды үлгі» бойынша I орынға Леонид Троян ие болды. Леонид 6 жыл авиа үлгісін жасау үйірмесіне және республикалық жарыстарға қатысып 10-нан астам медаль иегері атанған», - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.
Авиа үлгісі үйірмесіне 3 жыл бойы қатысып жүрген Лев Забудский осымен 2-жыл республикалық жарыстарда «Планер F-1-A» класында II орынға ие болып отыр.
Команданың ең жас қатысушысы Нұрәлі Сәкен үйірмедегі 2 жылда «Планер F-5-J» авиа үлгісі класында III орынға ие болды және өткен жылы Алматы қаласында IХ республикалық спартакиадада «Планер F-I-H» авиа үлгісі класында I орынды жеңіп алған.
Авиа үлгілер командасының тренері - авиа үлгісі үйірмесінің жетекшісі, спорт шебері, авиа үлгісінің спорты бойынша ҚР ұлттық төрешісі Сергей Соц.   Жарысқа Қазақстанның барлық облыстары мен қалаларының командалары қатысты.
 
Фото: дереккөз

24 маусым 2019 ж. 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930