Сүт селдеткен сауыншы

Жалпы фермада 50 сауын сиыр болса, 3 сауыншы сиыр сауатын арнайы аппаратты кезекпен қолданады.
– Жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқару басты қағидам. Сондықтан сауыншы болу жүрдім-бардым бітіретін жұмыс емес деп санаймын. Сауын сиырдың соңына жеткенше саусақтарың талып, қолыңның да күші кетіп қалады. Сондықтан мүмкіндігінше аппаратты да қолдануға тырысамын. Алайда, оның кезегін күтіп, бос қарап тұрғанды жөн көрмеймін. 10 шақты сиырды қолмен сауып аламын, – дейді сауыншы Гүлбаршын. Төрт баланы дүниеге әкелген ананың еңбекқорлығы, өз ісіне деген сүйіспеншілігі сөзінен-ақ аңғарылып тұр. Сауыншының жұмысымен танысқан біз суық жел қолын қарып, саусақтары іске илікпей қалса да, ретін тауып тапсырылған жұмысты тиянақты орындайтын Гүлбаршынның ісіне береке тілеп, мерекесімен құттықтап қайттық.