Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Үйдегі құмырсқадан құтылғыңыз келсе

Үйдегі құмырсқадан құтылғыңыз келсе


Құмырсқалардан арылудың түрлі жолы бар. Алайда ең пайдалы дегендерін ұсынуды жөн көрдік. Оларды қолданғаннан кейін ұзақ уақытқа дейін мазаңызды алмайды. Тіпті, толығымен жоғалуы да мүмкін. Ең алдымен, олардың илеуі қай жерде екенін анықтаңыз. Мүмкін көршілеріңіздің үйіне жақын орналасқан шығар. Егер илеуі сіздің үйіңізде орналасса, одан бірден арылыңыз. Ал көршілеріңіздің үйінде орналасқан болса, иесімен келіскеніңіз жөн.
Химия көмекке келеді! Құмырсқалардың жолын бақылау арқылы илеуін табуға болады. Орналасқан жерін тапқан соң Дихлофос себіңіз. Артынша үйді жақсылап жуыңыз. Мұнымен қатар, «Машенька» деп аталатын сабын сатып алып, жәндіктердің жүрген жолына жағып шығыңыз. Маңызды! Үйде аяғы ауыр әйелдер, кішкене балалар мен үй жануарлары болған кезде бұл тәсілді жасауғаболмайды.
Үй жағдайында дайындалатын қоспалар. Мұндай қоспалардың көмегі мол. Оны көбінесе ауылдық жерлерде қолданып жатады. Құмырсқалардың жейтін құралына улайтын зат қосып қойыңыз. Олар оны илеуіне тасымалдап, қалған құмырсқалардың өлуіне себепші болады. Мұндай қоспаны қант, су, бор қышқылы және бурадан жасауға болады. Хош иісімен еліктіру үшін тосап, бал немесе шәрбат қосыңыз. Ең бастысы, қоспаны таза ыдысқа салуды ұмытпаңыз. Олар өзге иісті сезсе, қашып кетеді. Екінші тәсіл. Суға ашытқыны ерітіп, үстіне қант, бал және өзге тәтті тағамды қосыңыз. Араластырсаңыз қоюлана түседі. Оларды құтының қақпағына құйып, құмырсқалар көп жүреді деген жерлерге қойыңыз.
Егер жәндіктерді өлтіргіңіз келмесе, келесі үшінші тәсілді пайдалануыңызға болады. Ыдыстардың шетіне лимон шырынын, өсімдік майын, сарымсақ қосылған натрий немесе ақжелкен шырынын жағып қойыңыз. Құмырсқалар бұл иісті көтере алмайды. Бұдан өзге түймедақ, жабайы жалбыз, аниса, қалампыр сынды иістерді жақтырмайды. Және бұл жерге екінші рет келмейді.

23 ақпан 2020 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (8793)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (8792)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (8791)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам