АЛЛЕРГИЯДАН ЗАРДАП ШЕГЕТІНДЕР ҮЙДІ ҚАЛАЙ ЖИНАҒАНЫ ДҰРЫС?
Аллергияға көбінесе мегаполистердің тұрғындары шалдығады. Оған әсер ететін бірнеше фактор бар. Біріншісі нашар экология. Одан кейінгісі дұрыс тамақтанбау және ұзаққа созылған күйзеліс. Бұған генетикалық бейімділікті қосыңыз. Сонымен қатар көптеген адамдарға үйдегі шаң-тозаң да әсер етеді. Бұның алдын алу үшін үйді қалай жинау керек?
1. Аллергиясы бар адамдардың үйінде ылғал болуы тиіс. Бұл үшін үйді ылғалдандырғыш алып қоюға болады. Сондай-ақ сүзгісі жақсы шаңсорғыш алу керек. Ол шаң-тозаңды жақсылап ұстап қалады. Себебі шаңсорғыштағы шаң-тозаң аллергия тудырады. Үйдегі шаң-тозаңнан барынша құтылыңыз. Сондықтан үйде шаң жиналуы мүмкін барлық заттардан құтылыңыз.
2. Әдеттегі жуғыш құралдарды органикалық және гиппоаллергенді заттармен алмастырыңыз. Ас үйде қолданатын заттарға баса назар аударыңыз. Себебі микроорганизмдер негізінен сол ас үйде жиналады. Тоңазытқышты үнемі таза ұстаңыз. Артық тамақ тұрып қалмасын. Сантехниканы жиі жуып отырыңыз. Перде мен жуынатын бөлмедегі кілемшеледі де жиі жуу керек. Ең бастысы бұл жұмыстарды істеген кезде қолғап киіңіз. Сондай-ақ мұрыныңыз бен аузыңызға маска киіп алыңыз.
3. Кір жууға көп көңіл бөліңіз. Әдеттегі кір жуғыш ұнтақтарды қолданбаңыз. Оның орнына органикалық жуғыш заттарды алыңыз. Төсек-орынды жиі жуыңыз. Кір жуғандағы су температурасы 90 градус болуы керек. Содан кейін шаю міндетті.
4. Көктем-жаз кезеңінде пәтерге шаң кірмеуіне көңіл бөліңіз. Есік-терезені ашып тастамаңыз. Үйді түнде желдеткен дұрыс. Терезенің бәріне тор немесе дәке тартып қойыңыз. Аллергияға қарсы сүзгілері бар ауа тазалағыш ылғалдандырғыш, желдеткіштер алыңыз.
5. Аллергия кезінде, әсіресе ол асқынып тұрған кезде үйді апта сайын жинау керек. Ал ас үй мен жуынатын бөлмедегі сантехниканы күнде сүртіп отырыңыз.
https://reactor.inform.kz/