Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бауырға ұнайтын тағамдар

Бауырға ұнайтын тағамдар

Адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі және астағы дәрумендерді бүкіл ағзаға үлестіріп отыру – бауырдың негізгі қызметі. Бүгінгі заманда бауыр ауруларынан зардап шегетіндер саны артып келеді. Оның бір себебі нашар экология болса, тағы бір себебі ақпараттық заманда адамдардың үнемі асығыс жүріп тамақтануы, фаст-фудтық тағамдарға деген ерекше құмарлық. Бауырды сау ұстау күндіз өзімізді сергек сезініп, өнімді жұмыс істеудің, денсаулықтың кепілі. Назарларыңызға бауырға пайдалы бірнеше тағам түрлерін ұсынамыз. ● Бал. Бауыр бұл тәттіні өте жақсы көреді екен. Бал – табиғаттың бізге сыйлаған ең жақсы шырыны. Ол асқазанда өте жеңіл қорытылады. ●Сарымсақ. Бауыр ферменттері жұмысын жақсартады. Құрамында бауырды тазалайтын аллицилин мен селен элементтері бар. ● Көк шай құрамында бауыр мен бүкіл ағзаны қалдықтардан тазалайтын катехин элементі бар. Регенерациялық қызметі бар, адамды жасартуға көмектеседі. ● Авокадо құрамында бауырды тазалайтын глутатион элементі бар. Тұрақты тұтыну арқылы бауыр тінін жақсартуға болады. ● Алма бауырды зиянды заттардан қорғайды. ● Зәйтүн майы. Салқын күйінде сығылған зәйтүн майы ағзаны токсиндерден тазартып, ең қажетті қоректі заттармен қамтамасыз етеді. ●Көк шөптер: аскөк, балдыркөк, насыбайгүл, ақжелкен. Ағзаға қажетті дәрумендер береді, улы заттарды шығаруға көмектеседі. ●Куркума – зімбір өсімдігінің бір түрі. Одан жасалған дәмдеуіштер теріңізді жасартып, ағзаны бағалы заттармен қамтамасыз етіп, бауырды тазалайды. ●Жаңғақ. Ингредиент аминоқышқылдарға бай. Құрамында бауырдың жақсы жұмыс істеуіне көмектесетін глютен және омега-3 май қышқылдары бар. ● Грейпфрут. Бауырдың жұмыс істеу сапасын жақсартады. ● Балық. Бауырға омега-3 май қышқылдарын жеткізеді.

Massaget.kz
13 маусым 2018 ж. 3 017 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728