Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас жайдарманшылар жобасы

Жас жайдарманшылар жобасы

Жуырда Ақмая ауылындағы №49 мектептің 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен жайдарман ойындарынан «Еріктілер – еркіндіктің тірегі» атты ауыл әкімінің кубогы ойнатылды.

Шараны ауыл әкімі Ж.Арсыланов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыста «I love you», «Крассавчиктер», «Ұлы дала жігіттері», «Барбарис», «Жас жайдарманшылар», «Жұлдызды жігіттер», «Шапалақ» атты құрама командаларға біріккен 6-10 сынып аралығындағы оқушылар өнер көрсетті. Жеткіншектердің жас та болса ауылдағы өзекті мәселелерді қағытпа әзілмен жеткізуі көрермендердің көңілінен шықты. Әсіресе, көше жарығы, жол, газ секілді халыққа қажетті дүниелерді 10 сынып оқушылары астарлап айта білді.
«Таныстыру», «Бес әзіл»,«Сұрақ-жауап» секілді үш бөлімнен құралған жайдарман ойынында үздік өнер көрсетіп, көрерменнің көзайымына айналған «Крассавчиктер» командасының 9 сынып жігіттері І орынды жеңіп алып, әкім кубогын иеленді. Ал ІІ орын 10 сыныптың «I love you» құрамасына, ІІІ орын «Жас жайдарманшылар» құрамасына бұйырса, ­сайыста ерекше көзге түскен 8 сынып оқушысы Мұхамедәлі Елеусізге «Үздік ойыншы» аталымы берілді.
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздеген мектеп оқушылары «Еріктілер жылында» тек жайдарман ойынымен шектелгілері келмейді. Қазіргі таңда ауылдағы мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты қарияларға үй шаруасына көмек көрсету, көркейту-көгалдандыру сияқты қоғамдық жұмыстарды жасауда сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылуда. Игілікті істерін заман талабына сай әлеуметтік желіде бөлісіп, көп қаралым мен пікір жинауына қарай жеңімпаздар анықталмақ. Тек бұл ғана емес, мектепте жыл бойы өзге де жобалар жалғасын таба бермек.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ

15 ақпан 2020 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930