Ғылым таппай мақтанба

Ол қазіргі таңда №46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы. Жастайынан ғылым-білімге ден қойып, әртүрлі сайыстардан төбе көрсетіп жүрген Дамира жақында «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» тақырыбындағы республикалық байқаудан жүлделі оралды. Оған жетекшісі Айгүл Мышанованың да қажырлы еңбегі сіңген. Сірә, «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген осы шығар.
Ел астанасының төрінде өткен жарыстан жерлесіміз І дәрежелі диплом ғана емес, «Үздік авторлық ғылыми жоба» төсбелгісін иеленді. Сонымен қатар жас ғалымның жобасы республикалық ғылыми жинаққа енді.
«Білімдіге дүние жарық» демей ме қазақ даналығы? Осы орайда байқағанымыз талаптанған жан ғылымға ден қойса алар асуы аз болмайды екен. Олай болса Дамира сынды жас буындардың қатары артып, елдің өркендеуіне өз үлестерін қоса берсін деген тілектеміз.
Маржан БОЛАТҚЫЗЫ