Абайдың ұлылығы, ұлт мақтанышы

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 500-ден астам іс-шара өткізуді әрбір отбасында қазақтың домбырасымен бірге Абай кітабы «Абай жолы» романы әр қазақтың төрінен орын алса және Абай жайлы деректі фильмдер түсірілетіні. Сонымен қатар биылғы бәйгелер Абай шығармаларына арналып, үздік шығармаларға Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп атап көрсетілетіндігі үлкен қуаныш.
Абайдың дүниеге келген жері Жидебайда музейде лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салынуы мен «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсеткені рухани жаңғырғанымыз деп білемін.
Абайды 44-ші сөзінде адам баласының ең жаманы талапсыз делінген. Сол талапсыздық бой билемесін. Абайдың әрбір сөзі, әрбір өлеңін қайталап оқыған сайын санамыз жаңарып, ақылға ақылды ой қосылып, шыңдала, ширатыла түсеміз. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мақаласы ұйықтап жатқан халықты дүр сілкіндіріп оятқандай болды. Абай мұрасын жалғастырып, қастерлі құндылығымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізе алмасақ, ата-бабамыз алдында үлкен сын.
Биылғы жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, Абайды келешек ұрпаққа таныту, оның ұлағатты сөздерін насихаттау мақсатында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде «Өлең сөздің патшасы» атты бұрыш ұйымдастырылып, көрме қойылды.
Құттықыз Шайыққызы,
Ыбырай Жақаев атындағы
күріш өсіру тарихы
музейінің директоры