Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазаннан Абай туралы жазылған ескі газеттер әкелінді

Қазаннан Абай туралы жазылған ескі газеттер әкелінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде Абай туралы естеліктері бар ескі кітаптар мен мақалалардың көшірмесі таныстырылды. Олардың барлығы да татар тілінде, деп жазады Аltaynews.kz. 

Н.И. Лобачавский атындағы Қазан мемлекеттік университетінің архивінен ақын шығармашылығына байланысты көптеген құнды дүниелер табылған.
«Вакыт» газетіндегі Абай туралы мақала араб тілінің каллиграфиясымен жазылған, -деді музейдің ғылыми хатшысы Шынар Мұратқызы. Әзірше мақала мағынасы зерттелген жоқ. Мамандар бұл мақала шамамен 1908 жылы жазылған деп отыр. Сондай-ақ, татар тіліндегі Абай шығармалары да бар екен. 
Музей қызметкерлері «Кедей мұсылмандарды қамқорлыққа алу туралы басқарма есебі» деген құжатты да тауып алыпты. 
Бұл 1900 жылы шыққан. Басқарма 1898 жылы ұйымдастырылып, құрамына 10 құрметті мүше, 26 құрылтайшы кірген. Жиналған қаржы қаладағы жағдайы жоқ мұсылман отбасыларын берілген. Мүшелерінің ішінде Әнияр Молдабаевтың да фамилиясы тұр. Бұл кісі Абайдың тәрбиесінде болған адам. 
Шынар Мұратқызының айтуынша, барлық табылған дүниелер Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылатын көрмеге қойылып, жұрт назарына ұсынылатын болады.




26 маусым 2019 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031