Татарстаннан Абайға қатысты құнды құжаттың түпнұсқа көшірмесі табылды
Абай мемлекеттік қорық-мұражайы құнды құжатпен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Музей қызметкерлері ғылыми сапармен Татарстанда болып, 1885 жылы Қарамола съезінде қабылданған «Қарапайым қазақтарға арналған Кодекс» түпнұсқасының көшірмесін жеткізді. Тарихи дүние Николай Лобочевский атындағы Қазан мемлекеттік университеті кітапханасында сақтаулы тұр. Қарамоладағы басқосуда Абайдың съез төрағасы етіп сайланғаны тарихтан мәлім. Құжат 1885 жылы мамырда қабылданып, бір жыл өткен соң Қазан қаласындағы Император университетінің баспаханасында шығарылған. Мамандардың айтуынша, заң құрастыру кезінде ақын сол кездегі адамдардың өмірін жеңілдету үшін әр түрлі жаңалықтарды ұсынған демократ ретінде сөз сөйлеген.
Мейрамгүл Қайрамбаева, Абай музейі директорының орынбасары:
– Абайдың қайраткерлік қызметін көрсететін бірден бір құжат. Және де әрі қарай бұл құжатты зерттеуге, бұрын жасалған аударманы түпнұсқа мәтінімен салыстырып, оның нақты аудармасы жасалған ба деген салыстыру жұмыстарын жүргізуге, талдау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз өзіміздің жоспарымыз бойынша болашақта кітап қылып шығаруға мүмкіндік беріп отыр.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321876-tatarstannan-abaj-a-atysty-ndy-zhatty-t-pn-s-a-k-shirmesi-tabyldy