Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сегіз серінің шекпені табылды

Сегіз серінің шекпені табылды

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы баға жетпес құнды жәдігермен толықты. Қазақ халқының біртуар азаматы, серілердің серісі, атақты дарын иесі, әнші, сазгер, ақын Мұхамедқанапия Шақшақовтың шекпені табылды. Осыған байланысты қазір мамандар зерттеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Олардың айтуынша, аталған шекпенді 1846 жылы Аға сұлтан болған Ерден Сандыбайұлы Сегіз серіге сыйға тартқан екен. Кейін уақыт өте келе, Мұхамедқанапия Баһрамұлы оны Қарағанды облысындағы өзінің жан жолдасы Жиенәлі Досқожаұлының иығына жауыпты. Содан бері оның ұрпағы құнды дүниені көздің қарашығындай сақтап келген. 170 жылға жуық уақыт өтсе де, түйе жүнінен тоқылған жәдігер қаз қалпында. Ахметжан Қуантаев, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері: – Бұл жәдігердің құны ерекше. Сегіз серінің иығында болған, иісі сіңген дүние. Сондықтан биыл серінің 200 жылдығын атап өту аясында бұл бағасы жетпейтін сыйлық деуге болады.
www.24.kz
20 шілде 2018 ж. 1 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930