Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МРТ мен КТ тегін өтудің шарттары айтылды

МРТ мен КТ тегін өтудің шарттары айтылды

2020 жылдан бастап бағасы жоғары болып табылатын компьютерлік және магнитті-резонанстық томографиядан қазақстандықтар тегін өте алады. Бұл үшін қандай шарттар қажет екендігін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2020 жылдан бастап қымбат КТ және МРТ қызметтерінің қолжетімділігі артады. Қарағандыда ұйымдастырылған пилоттық жоба жеке сектордың бұл қызметке көңілі бар екендігін көрсетті. Өткен жылдың соңына таман бұл қызметтің тарифы 60 пайызға көтерілген еді. Бірақ бүгінгі күннің өзінде нарықтық бағамен салыстырғанда ол әлдеқайда төмен. Сол себепті жекеменшік емханалар аталған бағытқа қызығушылықтарын танытуды. Сол себепті Қазақстанның басқа да аймақтарында медициналық мекеме ашу жоспарланды", - деп мәлімдеді Жұмағұлов.
Сөзінше, қазіргі таңда қызметтерді үйлестіру мәселесі талқылануда. Мұның барлығы бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар арқылы іске асырылады.
"Отбасылық дәрігер науқастың қандай ауруға душар болғанын анқытап, оған дұрыс диагноз қоюы маңызды. Дәрігерді таңдауда науқастың өзі шешім қабылдайды. Ем қабылдайтын мекемені немесе емдейтін маманды таңдағанда ол араларындағы ұашықтықты ескерме де болады. Отбасылық дәрігер науқасты медициналық жүйеге кіретін кез келген маманға нұсқау бере алады. Қазіргі күні бұл үдеріс қолға алынды", - деді Жұмағұлов.
06 қаңтар 2020 ж. 915 0