Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең қызықты Жаңа жыл

Ең қызықты Жаңа жыл

Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Сағат он екіні соғысымен от шашуларға қарап тұрып, ескі жылдың келмеске кеткенін түсінеміз. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп, бақыт тілейтініміз бар-ды. Сол себептен де, мерекеге тыңғылықты дайындаламыз. Үлкен құлшыныспен сыйлық таңдаймыз, ең сүйікті тағамдарды әзірлеп, жақындарымызды қуантуға асығамыз. 
Және ес білгелі осылай жалғасып келеді. Ал сіз дәл осы уақытта әлемнің екінші бір бұрышындағы адамдардың мерекені қалай тойлап жатқандығын ойладыңыз ба? Олар әртүрлі емес, әртүрлі уақытта да мерекелейді. Мәселен, Парсы Жаңа Жылы 22 наурызға тура келеді. Наурыз аталатын мерекенің 2500 жылдық тарихы мен өзіндік қайталанбас дәстүрлері бар.
Жапонияда Жаңа жыл 1 қаңтарда атап өтіледі. Желтоқсан есік қағысымен қала көшелері жаңа жылдық ойыншықтарға, шыршаларға, Аяз Аталарға толады. Жаңа жыл түнінде ғибадатханада 108 соққы жасалады. Он екіден кейін барлық жапондықтар күле бастайды. Олар төрден орын алған жылға күлкі бақыт пен сәттілік әкеледі деп сенетін көрінеді. Олардың мерекедегі ең негізгі нышандары, бақыт бойтұмары – бамбуктен жасалған 10 см-1,5 м аралығындағы тырмалар. Бұндай тырма келер жылы бақытты жинап алу үшін әркімде болу керек.
Үндістер тұратын жерлеріне қарай Жаңа жылды әртүрлі тойлайды. Жебесі жанып тұрған жылан – басты нышан. Ол жанып біткенде Жаңа жыл басталады. Солтүстік Үндістан тұрғындары өздерін қызыл, күлгін, ақ түсті раушан гүлдерімен сәндесе, Оңтүстік Үндістанда аналар тәттілерді, гүлдерді, шағын сыйлықтарды салған табақтарды дайындайды, таңертең балалардың көздері байланып, сол табақтың жанына алып келінеді. Орталық Үндістанда сарғыш түсті жалаушалар ілінеді. Ал Батыс Үндістанда Жаңа жыл қазан айының соңында атап өтіледі. Бұл кезде үй шатырларына шағын шырақтар жағылады.
Грекияда тура сағат он екіде отағасы аулаға шығып, анар жемісін қабырғаға атады. Дәндері бақшаға шашырап кетсе, сол жылы отбасы берекелі, тату өмір сүреді. Грекияда Жаңа жыл мейірімділігімен танымал Ұлы Василий күні болып есептеледі. Балалар пеш түбіне аяқ киімдерін қойып, оған Ұлы Василий сый-кәде салады деп сенеді. Келген қонақтар өздерімен бірге дәу тас әкеліп, «үй иесінің байлығы осындай ауыр болсын» деп оны табалдырыққа тастайды. Ал кішкентай тас әкелген жағдайда «тіл-көзден сақтасын» деп тастап қояды екен. Грек халқы шампан мен шарапқа толы қоржын мен карта колодасын сыйға тартады. Еврейлердің Жаңа жылын Рона Ашана деп атайды. Бұл – қасиетті уақыт. Адамдар жасаған күнәларын ойлап, келер жылы жақсы істермен жуып-шаюды уәде етеді. Балаларға міндетті түрде жаңа киім алып береді. Дәстүрлі нандарын пісіріп, жемістер жейді.


massaget.kz

26 желтоқсан 2019 ж. 492 0