ҚЫТАЙЛЫҚ ЕҢ БАЙ АДАМ ALIBABA КОМПАНИЯСЫНАН КЕТЕТІНІН ЖАРИЯ ЕТТІ
Әйгілі қытайлық ірі Alibaba интернет-компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Джек Ма корпорациядан кетіп, қайтадан ұстаздыққа оралып, қайырымдылық жобаларымен айналысатынын айтыпты. Бизнесменнің айтуынша, күндердің күнінде бизнестің сан мыңдаған шаруасынан бас тартып, өзінің сүйікті шаруаларына оралу – ойында бұрыннан жүрген идея екен. «Бір күні, өте жақында білім саласына оралып, ұстаздық қызметпен айналыса бастаймын. Alibaba-дағы басшылық қызметке қарағанда, ұстаздық ету менің ыңғайыма келіңкірейтініне сенімдімін» депті ол Bloomberg TV арнасына берген сұхбатында. Оның айтуынша, осылай өзінің өмір арнасын өзгерту үшін ол 2014 жылы құрылған Jack Ma Foundation деп аталатын қайырымдылық қорының негізін қалапты. «Мен зейнетке шыққан кезде уақытымның басым бөлігін осындай игі істерге арнағым келеді» депті бизнесмен. Ол бұған дейінгі өмір жолында ағылшын тілі мұғалімі болып еңбек еткен. Джек Маның айтуынша, Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстен шын мәнінде көп нәрсе үйренуге болады. «Оған қарағанда менің бір ұтатын тұсым – бизнестен ертерек кетуім» деген екен Джек Ма. Бизнесмен Alibaba.com негізін сауда алаңы ретінде 1998 жылы нарыққа шығарды. Қазіргі таңда компанияның нарықтық құны 400 миллиард доллардан асады. Джек Маның байлығының құны Bloomberg Billionaires Index рейтингінде 39,6 миллиард долларға бағаланған. Бұл көрсеткішімен ол Қытайдағы ең бай адам атана алады. Ал әлем бойынша 19-шы бай адам. Alibaba Group компаниясы Қытайдағы аса ірі интернет компаниясы. Негізінен электронды коммерция саласында жұмыс істейді. Абай Аймағамбет
Толығырақ: https://aikyn.kz/2018/09/08/66651.html
Материалды көшіріп басқанда www.aikyn.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.
Толығырақ: https://aikyn.kz/2018/09/08/66651.html
Материалды көшіріп басқанда www.aikyn.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.