Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ СИНГАПУРДА ӨЗІНІҢ ЖАҢА ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ СИНГАПУРДА ӨЗІНІҢ ЖАҢА ПЛАТФОРМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ


FREED Қазақстан-Ресей бірлескен IT-жобасы Сингапурдағы ICO-ға (міндеттемелерді – токендерді бастапқы орналастыру) шығатынын жария етті. Геймерлер мен есептеулерге тапсырыс берушілердің сұранысына ие токендер әлемде тұңғыш рет айналысқа шығады. Токендерді орналастыру 2018 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

Жобаның бастамашылары TVX Games ойынының негізін қалаушы қазақстандық Кеңес Шәңгереев пен ресейлік Евгений Глариантов 2018 жылдың наурызына қарай FREED-тің қуаты 75 петафлопсқа жетеді деп болжап отыр.
Осы уақытқа дейін жоба инвесторлардан 1 млн доллар көлемінде қаржы тартып үлгерді. Одан ары қарай FREEDCoin токендерін орналастыру арқылы қаржыландыру көзделеді.
Pre-ICO шеңберінде біз жобаға қазірдің өзінде 1 млн доллар тарттық. Желімізді масштабтау үшін ICO барысында тағы 24,8 млн доллар жинауды жоспарлап отырмыз. Сингапурдағы CMS Holborn Asia заң компаниясынан 2018 жылдың наурызында бұл елде ICO өткізуге оң тұжырым алдық. Жүйенің прототипі дайын және қазіргі уақытта біз тестілеуді аяқтап жатырмыз, – дейді Шәңгереев мырза.
Кеңес Шәңгереевтің айтуынша, FREEDCoin токендері FREED-тегі есептеулерге тапсырыс берушілерге арналған жалғыз төлем валютасы қызметін атқарады. Көбіне токендер ешнәрсемен бекітілмейді.
Сонымен қатар, әзірлеушілер 2020 жылға қарай FREED Network желісі әлем бойынша 100 млн қолданушының басын біріктіреді деп шамалап отыр.
http://7kun.kz
02 наурыз 2018 ж. 889 0