Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарт анаға құрмет

Қарт анаға құрмет

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімі Әшім Оразбекұлы тоқсаннан асқан қарт аналардың үйіне барып, ұлық мерекемен құттықтады.

1991 жылдың 16 желтоқсаны – қазақ елі тарихындағы ақ түйенің қарыны жарылып, Тәуелсіздікті айғақ еткен ең ұлы күн. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс десек, небір зұлматты жылдардың куәсі болған қарттарды қадірлеу де парыз. Осы орайда аудан әкімі Ш.Қодаманов ауылының 94 жастағы тұрғыны Рабиға Сапақова мен 92 жастағы тыл ардагері Рыскүл Абдрейнованың шаңырағына барып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ жаңа жылға аман-есен қадам басып, 100 жасауына тілектестігін жеткізді. Ғасырлар керуеніне ілескен ұлы дала елінің ұрпақтары небір қилы заман, қиын кезеңдерді басынан өткергені даусыз. Ғасырға жақын қалған ғұмырында қарт аналар Тәуелсіздіктің 28-ші жылын қарсы алды.

Г.ӘБДІХАНИҚЫЗЫ


19 желтоқсан 2019 ж. 507 0